ОРАЛДЫҚ ОҚУШЫНЫҢ ЭССЕСІ «DISCOVERY KAZАKHSTAN» ЖИНАҒЫНА ЕНДІ
Орал қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Мирлан Тналиев республика бойынша 9-12-сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған ағылшын тіліндегі эссе байқауының сертификатына ие болды.

Мирлан «Discovery Kazakhstan» үздік эсселер байқауы үшін «Жастар – руxани жаңғырудың қозғаушы күші» тақырыбын таңдапты. Эссенің басты кейіпкері – АҚШ-та білім алып жатқан туған ағасы, Оралдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі – Шымболат Тналиев.
– Маған биылғы байқаудың тақырыбы өте қызықты болды. Содан оқырманмен өз ойымды бөлісейін деген шешімге келдім. Үш күн бойы эссенің құрылымын ойластырдық. Содан күнделік ретінде жазып шықтым. «Pride of our family» тақырыбындағы эссемде ағам Шымболаттың өмірлік ұстанымы, мақсатқа жетудегі жолдары баяндалады. Мен Шымболаттың бойындағы қасиетті өзгелер үлгі етсе екен деген мақсатты көздедім. Жалпы бұндай байқаулардың берері мол. Эссе жазудың құрылымын зерделеп, қиялыңды шыңдайсың, – дейді Мирлан.
Айта кетейік, аталған байқаудың мақсаты – Қазақстанды әлемдік қауымдастыққа таныту, шетел азаматтарын Қазақстанның мәдениетімен, дәстүрімен, табиғи-климаттық жағдайымен, әлеуметтік-саяси құрылымымен, экономикалық дамуымен, жетістіктерімен таныстыру, оқушылардың сана-сезімінің деңгейін және азаматтық позициясын айқындау.
Мирланға бағыт-бағдар беріп жүрген ағылшын тілінің мұғалімі Айнұр Лұқпанованың айтуынша, Мирланның тақырыбы, таңдап алған кейіпкері «Discovery Kazakhstan» жинағынан орын алуға лайықты. Өйткені, Зияткерлік мектеп оқушылары – қоғамды өзгертуге ниетті көшбасшылар. Бұл, әрине, оқырманға шабыт сыйлап, игілікке үндейді.
Орал қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу