БҚО-ДАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР САПАСЫНЫҢ МОНИТОРИНГТІК ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандырудың жүйесін қалаудағы негізгі қағидаттарының бірі – пациентке бағытталу. Қор медициналық қызметтерді жеткізушілер ұсынатын медициналық қызметтердің сапасын бақылау және сараптау бойынша жаңа тәсіл қалыптастырды.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры» КЕАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының медициналық қызметтердің сапасын сараптау бөлімінің басшысы Самал Нұрғалиева атап өткендей, медициналық қызметтердің сапасы мен көлемі бойынша шарттық міндеттемелерді сараптау 2018 жылғы 29 наурыздағы №138 бұйрықпен бекітілген «Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу Қағидаларында» көзделген нормаларға сәйкес жүзеге асырылуда.
Стационарлық және стационаралмастыру медициналық көмекті жеткізушілердің жұмысын сараптау «Медициналық қызметтер сапасын басқару жүйесі» денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйесінде күн сайын Қор филиалдарымен жүзеге асырылып отырады. Бейімделген ақпараттық жүйелердің болмауына байланысты Амбулаториялық-емханалық көмекті, жедел медициналық көмекті (туберкулез, наркология, психиатрия, АИТВ/ЖИТС), патологоанатомиялық диагностика, қанды және оның компоненттерін дайындау саласындағы қызметтерді жеткізушілерді сараптау сол жерлерге бару арқылы жүзеге асырылады.
Ағымдағы жылдың 3 айында Батыс Қазақстан облысы бойынша Қормен шартқа отырған барлық 51 медициналық ұйымда 45 мың 514 пациент емделді. Барлық емделген оқиғалардан «Әлеуметтік медицигналық сақтандыру Қоры» КЕАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының сараптау бөлімімен 32 млн. 496 мың теңге сомасына 1 мың 292 ақау анықталып отыр, ақаулардың негізгі бөлігін емдеу-диагностикалау іс-шараларының стандарттарынан ауытқушылығы құрап отыр.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры» КЕАҚ 2018 жылдан бері тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің (ТМККК) және МӘМС-тің пакеттерінің қаржылық операторы болып табылады және Қазақстан Үкіметімен белгіленген шегінде елдімекендер үшін медициналық қызметтерді сатып алады.
2019 жылдың басында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры» КЕАҚ филиалы тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау субъектілерімен облыстың тұрғындарына медициналық көмек көрсету үшін БҚО 51 медициналық ұйымымен, соның ішінде, 36 мемлекеттік және 15 жеке медициналық ұйыммен шартқа отырды. Бүгінгі таңда шарттар сомасы 32 млрд 361 млн. теңгені құрады.
«Әлеуметтік медицигналық сақтандыру Қоры»
КЕАҚ БҚО филиалының материалдары бойынша
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу