«ASIA MALL» САУДА ҮЙІНЕН «ӨРТ ШЫҚТЫ»
Батысқазақстандық төтеншеліктер Орал қаласындағы «ASIA MALL» сауда үйінде кезекті жоспарлы өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді. Мақсат – адамдар көп жиналатын объектідегі өртті сөндіру бойынша іс-әрекеттерді пысықтау, өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің объект әкімшілігі мен қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету қызметтерімен өзара іс-қимылы, эвакуациялау жоспарына сәйкес адамдарды ғимараттан шығаруды ұйымдастыру.
– Адамдар көп жиналатын насынада өрт шыққан кезде қауіп әрдайым жоғары дәрежеде болады. Төтенше жағдайларды жоюдағы қиындық жұмыстар бірден бірнеше бағытта жүргізіледі. Бұл бірінші кезекте адамдарды құтқару және эвакуациялау, өртті оқшаулау және сөндіру, материалдық шығынды азайту. Әрбір объектінің өзінің сәулеттік және құрылыс бойынша ерекшеліктері бар. Сондықтан өрт-тактикалық оқу-жаттығуларды өткізу кезінде, әсіресе адамдар көп жиналатын объектілерде өрт сөндірушілерден ғимараттың барлық ерекшеліктерін, негізгі және қосалқы шығулардың орналасуын, өрт гидранттарының объект аумағында орналасқан жерін және т.б. алдын ала және егжей-тегжейлі зерттеу талап етіледі, – дейді Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобының маманы А.Қадырбеков.
Оқу-жаттығудың мақсаты бойынша үшінші қабатындағы сауда бутиктерінің бірінде өрт шықты. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін сауда үйінің қызметкерлері 100-ге жуық адамды қауіпсіз жерге көшірді.
Бірнеше минуттан кейін шартты өрт орнына шығу ауданында нысан орналасқан бірінші бөлімше келіп бірден зардап шеккендерді құтқаруға кірісті. Өртке қарсы қызмет қызметкерлері 8 адамды құтқарды. Одан кейін оқу-жаттығу орнына өртке қарсы қызметтің басқа бөлімшелері, жедел-құтқару жасағы, жедел жәрдем кареталары, газ және полиция қызметтері келді. Өрт-тактикалық оқу-жаттығуына 16 бірлік техника жұмылдырылды.
Шартты өртте жұмыс үш бағыт бойынша ұйымдастырылды – адамдарды құтқару, отты сөндіруді ұйымдастыру, аралас орын-жайларды қорғау.
.
Версия для печати
Пікір үстеу