8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Наурыз 2019 1833 0
Қоғам

ДЕКЛАРАЦИЯНЫ ТОЛЫҚ ҰСЫНБАҒАНДАР МЕН ҚАСАҚАНА ТАПСЫРМАҒАНДАР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

1998 жылғы алғаш рет қабылданған ҚР-ның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңнамасына сәйкес, барлық мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары және оларға теңестірілген тұлғалар өткен жылдың табысы жөнінде 31 наурызға дейін салық органдарына декларация тапсыруы керек.  Батыс Қазақстан облысы бойынша 18 493 тұлға  осы санатта. Ал 2020 жылдан бастап көлеңкелі экономикамен және сыбайлас жемқорлықпен күрес үшін жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкіне тиімді бақылау жүйесін құру мақсатында жалпыға бірдей декларациялау енгізілмек. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында толығырақ айтылды.

ҚР «Салық Кодексінің» 363-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес декларация тапсыру міндеті жүктелген жеке тұлғалар кірістері және салық салу объектісі болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, оның шегінен тыс жердегі де мүлкі туралы декларацияны тапсырады. ҚР Әкімшілік-құқықбұзушылық туралы Кодексінің 274-бабында мемлекеттік қызметті атқаратын лауазымды тұлғалар мен теріс қылықтарына байланысты мемлекеттік қызметтен босатылғандар табыстары мен мүлкі туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген мерзімде қасақана тапсырмағанда немесе толық ұсынбағанда 50 АЕК көлемінде айыппұл төлейтіні көрсетілген. Осы Кодекске 2016 жылдың сәуірінде енгізілген өзгерістерге сәйкес, декларацияны табыстамағандарды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жауапқа тартуға құқылы. Агенттіктің облысымыздағы департаментінің ақпаратына сүйенсек, 2018 жылы 44 тұлғаға айыппұл салынған. Тағы бір ескере кетерлік мәселе, теріс қылықтары үшін мемлекеттік қызметтен кеткендер де 3 жыл қатарынан декларация тапсыруға міндетті. Облысымыз бойынша жауапқа тартылған 44 тұлғаның 39-ы осы санаттағы тұлғалар.

 –  Жалпы 2018 жылы Кодекстің 274-бабы бойынша – 3 234 752 теңгеге айыппұл салынды. Оның ішінде өз еркімен – 2 192 475 теңге төленді, яғни 67,8%, қалғандары бойынша материалдар мәжбүрлі орындау үшін жеке сот орындаушылар палатасына жолданды. 2018 жылы Департаменттің қызметкерлерімен, Кодекстің 274-бабының 1-тармағы бойынша жалпы 44 әкімшілік материал қаралды, оның ішінде 33 -қысқартылған тәртіппен (1 984 125 теңге көлемінде); 9 – толық сомаға қаулымен (1 082 250 теңге мөлшерінде); 2 – Кодекстің 819-бабы 2-тармағының талаптарының қолдануымен (168 250 теңге мөлшерінде) айыппұл салынды, – дейді  басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі Кеңес хатшылығының меңгерушісі Жұбаныш Аманқос Сағынұлы.

Аманқос Сағынұлының сөзінше, биылдың өзінде  ҚР ӘҚБтК-нің 274-бабы 1-бөлігі бойынша 24 әкімшілік материал қаралып, 2 083 125 теңге көлемінде айыппұл салынған. Оның ішінде ерікті түрде 946 875 теңге сомасындағы айыппұл төленген. Яғни, ерікті түрде төленбеген айыппұлдардың қалған сомалары бойынша материалдар айыппұлды ерікті түрде өтеу мерзімі өткеннен кейін жеке сот орындаушыларының палатасына мәжбүрлеп орындауға жіберілмек.

ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің БҚО бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының басшысы Тимур Төлепов атап өткендей, декларацияны қағаз түрінде, ЭЦҚ қолдану арқылы e-gov порталымен және пошта  арқылы табыстауға мүмкіндік бар. Декларацияны табыстау уақыты аяқталып келеді. Сондықтан әлі тапсырмағандардың үш күндік уақыты ғана бар.

Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 42-қадамында көрсетілгендей, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей декларациялау енгізіледі. Демек, келер жылдан бастап Қазақстанның кәмелетке толған азаматтары, оралмандар және тұруға ықтиярхаты бар адамдар, тіркелген мүлкі болғанда немесе кіріс алған кезде кәмелетке толмаған тұлғалар және Қазақстанның аумағында мүлігі болғанда немесе өз бетімен салық салуға жататын қазақстандық көздерден кіріс алатын шетелдіктер 250.00 үлгісіндегі декларацияларын ұсынатын болады.

 – Азаматтар 2020 жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылатын болады, онда меншік құқығындағы мүлікті, соның ішінде пәтерлерді, машиналарды, банктердегі салымдары туралы мәліметтерді жеке тұлғаның 2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдайы бойынша көрсету қажет. Кейіннен халық жыл сайын кірістер, сатып алған мүлік туралы декларацияны тапсыратын болады. Бұл ретте жыл ішінде еңбекақы, зейнетақы, стипендия алған және басқа кірістерді алмаған немесе мүлігін сатпаған тұлғалар  бір парақтағы  қысқаша декларацияны нөлдік көрсеткішпен тапсыратын болады. Егер кірістер алынған жағдайда толық декларация ұсынады, – деді Тимур Нұржанұлы.

Жаңа жүйе енгізілген кезде 350 мыңдай облысымыздың тұрғыны декларация тапсыруы тиіс болады.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
69 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
141 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
370 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
853 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1231 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1137 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1590 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2206 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2370 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2378 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2429 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2433 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2052 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2913 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2967 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2961 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3574 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3542 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3533 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3508 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3669 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»