8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Наурыз 2019 2301 0
Жалын

«ҒАРЫШ. ҒЫЛЫМ. ИНТЕЛЛЕКТ»: ОРАЛДЫҚ ЗИЯТКЕРЛЕРДІҢ ЖЕҢІСІ

Қызылорда қаласында өткен Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Ғарыш. Ғылым. Интеллект» тақырыбына арналған ІХ Наурыз кездесулерінің қорытындысы жарияланды.  Еліміздің әр өңірінен жиналған жас зерттеушілер аэроғарыштық инженерия тақырыбындағы 80-нен астам жоба таныстырды.  Осы байқауда Оралдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Ақылбек Мақсотовтың зерттеуі  I орынға лайық деп танылса, 9-сынып оқушысы Эламир Кадыргалеев жүлделі III орыннан көрінді.

Тоқтар Әубәкіровтің қолынан марапат алған Ақылбек реактордың 3D моделін, реакция анимациясын жасап шығарған. Реактор арқылы  қазіргі кезде ғарыш айлағына тасталып жатқан көміртегі диоксидінен оттегі және метан алуға болады. Оттегі экипаж мүшелеріне тыныстау үшін, ал метан ракета қозғалтқышқа отын ретінде пайдаланылады. Айта кетейік, Ақылбекке бұл күні Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде білім алуға жолдама берілді.

– Әрине, қазақстандық ғарышкер Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев пен Айдын Айымбетов ағаларымыздың зияткерлік мектеп оқушыларының жобаларына жоғары баға беруі, космонавтика саласының халықаралық сарапшысы Майкл Лутомски және NASA-ның ғылыми зерттеушісі Правин Пратапанмен кездесуіміз әр зияткерге зор шабыт сыйлады.  Наурыз оқулары барысында телескоп,  VR-көзілдірік пен планер, парашюттерді дайындау бойынша шеберлік сағаттары да өтті. Менің әр қарсыласымның жобасы бірегей деп айта аламын, – дейді Ақылбек.

Ал Эламир «COSMO-I» жобасында ғарыш ассисстентінің прототипін жасақтаған. COSMO-I – жасанды интеллект жүйелерін бірыңғай жүйеге интеграциялау арқылы техникалық мәселелерді шешуге қабілетті бағдарлама. Ғарыш кемесінің бортында ассистент ретінде қызмет ететін жоба борттағы ақауларды анықтай алады. Жобада ғарыш кеңістігінде планеталарды, астероидтерді және метеориттерді тануға қабілетті жасанды интеллект үлгісі пайдаланылған, сондай-ақ ол магнит өрісінің, температураның және басқа параметрлердің әсерлерін есептейді.

– Байқоңыр ғарыш станциясында ғарыш зымыранының ұшуын өз көзіммен тамашалауға мүмкіндік берген жандарға алғысым шексіз. Менің замандастарымды ғарыш саласының қандай мәселесі алаңдатады, олар қандай зерттеу жүргізуде деген сұрақтарыма жауап алдым. Өз жобамның артықшылығы мен жетілдіру керек тұсын анықтадым. Оралға келе сала жұмысты жалғастырамын,  – дейді Эламир.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ баспасөз қызметінің дерегінше, жас зерттеушілер Халықаралық Ғарыш станциясын қоқыстан тазарту және ғарышкерлердің борттағы жағдайын оптимизациялау  –  тамақтану, медицина, арнайы жабдықтау мәселелеріне ерекше назар аударды.

Ақылбектің ғылыми жетекшілері –  информатика пәнінің мұғалімі Айсұлу Сүлейменова мен xимия пәнінің мұғалімі Алтынбек Жанаxметов. Ал Эламирді ғылым жолына баулып жүрген ұстаздары – информатика пәнінің мұғалімі  Жамила Хусанова, физика пәнінің мұғалімі Татьяна Акопова.

– Ақылбек – білімқұмар оқушы. Химия-информатика пәнінің оқытушылары оның тереңдетілген тапсырмаларды орындағанды жақсы көретінін, ақпаратты жан-жақты зерттеуге дағдыланғанын айтады. Робототехникаға да қызығушылығы жоғары. Әсіресе, «ROBOLAND – 2016» халықаралық фестивалінде белсендік танытты. Өз бетімен оқуға, ізденуге талпынады. Желілік пән олимпиадаларында да өзінің терең білімін көрсетіп жүр, – дейді педагог-ұйымдастырушы-куратор Ернар Гайсин.

 

Орал қаласындағы НЗМ баспасөз қызметі

Фото «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ архивінен

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
295 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
280 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
585 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
1057 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1430 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1270 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1790 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2409 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2572 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2578 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2630 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2636 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2185 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
3113 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3166 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3158 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3780 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3742 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3735 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3707 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3869 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»