8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Наурыз 2019 4889 0
Дені сау ұлт

ҰЛТТЫҚ СУСЫНДАР ҚАНДАЙ АУРУЛАРҒА ЕМ?

Қазақтың ұлттық сусындарының (айран, қымыз, сүт,шұбат) адам денсаулығына тигізетін пайдасы орасан зор.

Бабаларымыз қадірлеген жылқы малының сүті – қымыздың емдік қасиеті бар екендігі ежелден мәлім. Дені сау адамның ағзасы бір тәулікте орта есеппен 50мг С дәрумен қажет етсе, бір литр қымыз құрамында 200-260 мг С дәрумені бар екен. Қымызда сонымен қатар жүрек жұмысын жақсартатын В тобындағы В(1)В (12) дәрумені, А тобы дәрумендері кездеседі. Шіріткіш микробтарға, ішек таяқшаларына және сарғыш стафилококктарға қарсы жойғыш күші бар қымыз – туберкулез, сүзек, дизентерияға, дифтерия бактерияларына тосқауыл болады.

Түйе сүтінің емдік қасиеттері заманнан бері белгілі. Шұбатты балаларымыз өкпе, асқазан ауруларымен қатар түрлі созылмалы дерттерге, жалпы ағза әлсіренгенде, әрі уланғанда емдік қасиеті жоғары. Ескеретін жайт,шұбаттың құнарлығы аса жоғары болғандықтан оны ашығу кезінде ішуге болмайды. Сондай-ақ артық салмағы бар және ішек жолдары ауратын жандардың шұбаттан бас тартқаны абзал.Айранның, сүттің  пайдасын бүгінгі ұрпақ та жақсы біледі, себебі айран, сүт ағзадағы зат алмасуға қатысып, иммундық жүйенің жұмысын жақсартады. Айтайын дегенім, ұлттық сусындар өз пайдалығымен күнделікті профилактика үшін  де ішіп тұрған абзал.

Нұрлыгүл Қадырбекова, Орал қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы                    

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
56 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
108 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
147 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
408 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
428 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»