ОРАЛДЫҚТАР НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВҚА КӨШЕ АТАУЫН БЕРУ ТУРАЛЫ ҰСЫНЫСТЫ ҚОЛДАДЫ
Бүгін Орал қалалық мәслихатының нормативтік-құқықтық мәселелері және жұртшылықпен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясы мен қала тұрғындарының жиыны өтті. Күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бүгін, 20 наурыз күні Қазақстан халқына ант беру рәсімінен соң берген тапрсырмасын орындау мақсатындағы Орал қаласы әкімдігінің «Орал қаласындағы Достық-Дружба даңғылын – Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы деп қайта атау туралы» ұсынысы қаралды.

Жиынға Орал қаласы әкімі Мұрат Мұқаев, Орал қалалық мәслихатының хатшысы Аққали Әубекеров Орал қаласы қоғамдық кеңес төрағасы Бақытжан Нұрбаев, зиялы қауым өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, қала тұрғындары қатысты.
Қалалық мәслихат хатшысы Аққали Әубекеров күн тәртібіндегі мәселені хабарлап, қатысушылар ұсынысқа орай өз пікірлерін білдірді. Еңбек ардагері Феликс Баюканский шаһардың басты көшесіне Тұңғыш Президенттің есімін беру оң шешім екенін айтып, қолдайтынын жеткізді.
– 30 жылға жуық уақыт – аз мерзім емес. Осы уақытта елімізді басқарған Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстанды айтулы табыстарға жеткізді. Біз, аға ұрпақ 89, 90, 91 жылдардағы елдің қандай қиын жағдайда болғанын жақсы білеміз және бүгінгі күні мемлекетіміздің қандай биік деңгейге көтерілгеніне куәміз. Тұңғыш Президентіміздің барлық саяси-экономикалық бастамаларының арқасында еліміз өркендеп, әлемдік аренаға танылды. Біртуар тұлғаның еліміз үшін жасаған істері туралы көп айтуға болады. Сондықтан бұл дер кезінде жасалып отырған, қажетті ұсыныс деп санаймын, – деді Феликс Аркадьевич.

Ақын, мемлекеттік сыйлықтың иегері Ақұштап Бақтыгереева Нұрсұлтан Әбішұлының халықпен бірге сонау 90 жылдардың қиын кезеңінен елді алып шыққанына басымдық беріп, осы күнге дейін достық пен бейбітшілікте мемлекетті жаңа белеске көтергенін айтты. Сол себепті Қасым-Жомарт Кемелұлының ұсынысын қолдаған жөн екенін білдірді.
– Бұл да бір тарихи кезең. Ертеңгі ғасыр – жастардікі. Еркіндіктің басында тұрған өз халқының Тұңғыш Президентін келер ұрпақ біліп жүруі тиіс. Әрі оның есімі басты көшеге берілуі – оң ұсыныс. Сондықтан қолдауға лайық, – деді ақын.

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзағали Мұхамбетов, облыстық мәслихат депутаты Аветик Амирханян М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың профессор-оқытушыларының құрамы атынан сөз алған Тұрар Шайхиев, Людмила Денченко мен Илья Ломоносов және бірқатар жастар ұсынысты бірауыздан қолдайтындарын білдірді.
Кездесуді қала басшысы Мұрат Мұқаев қорытындылап, ұсынысты қолдаған қатысушыларға ризашылығын білдірді.

– Әрине, бұл – тарихи сәт. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалаушы ретінде елімізді халықаралық аренаға шығарып, ішкі және сыртқы саясатты біртұтас ұстап келіп, егеменді Қазақстанның жарқын болашағына жол ашқан еңбегін ескере отырып, шаһардың үлкен даңғылын Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен қайта атау туралы ұсынысты қолдағандарыңызға алғысымды білдіремін. Жаңа басшымызбен бірге халқымыздың жаңа жетістіктерді бағындыруын тілеймін, – деді Мұрат Рахметұлы.

Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу