МЕМЛЕКЕТТІК СОТ ОРЫНДАУШЫ ЖАЗАҒА ТАРТЫЛДЫ
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының прокуратурасы атқарушылық өндіріс құжаттарын тексеру кезінде әкімшілік іс бойынша дәлелдемелердің бұрмалануын анықтады.

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасының мәліметінше, Әділет департаментінің сот орындаушысы М. жеке сот орындаушысы жолдаған құжат бойынша ӘҚБтК-нің 669-бабымен әкімшілік хаттама толтыратын 2 ай мерзімді өткізіп алып, өзінің кінәсін жасыру мақсатында хаттаманың күнін өзгертіп, сотқа жолдаған.
Прокурордың бұзушылықты дер кезінде анықтауы тұлғаны заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тартудан сақтады.
Қабылданған шараның негізінде 2019 жылғы 7 ақпандағы сот қаулысымен мемлекеттік сот орындаушы ӘҚБтК-нің 660-бабының 2-тармағымен дәлелдемелерді бұрмалағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 126 мың. теңге айыппұл салынды. Сот актісі заңды күшіне енді.
2018 жылы Бөрлі ауданы прокуратурасымен атқарушылық өндірісті қадағалау саласында 4 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, қадағалау актілерімен 16,8 млн. теңге өндірілді.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу