8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Наурыз 2019 1898 0
Өзек

«ПОЛИЦЕЙЛЕР ТАРАПЫНАН ҚЫСЫМ БОЛҒАН ЖОҚ»

Бүгін Орал қаласында таңертеңгі сағат 10.40 шамасында Достық пен Еуразия даңғылы қиылысында «Нива» маркілі қызметтік полиция автокөлігі мен «Honda Odyssye» түйісіп, жол-көлік оқиғасы орын алды. Қызметтік көліктің қатысуымен болған ЖКО-на қатысты БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі түсініктеме берді.

«Honda Odyssye» автокөлігінің жүргізушісі Достық даңғылымен келе жатып, Еуразия даңғылына шығыс бағытқа реттелетін қиылыста солға бұрыламын деп, қарсы бетте тікелей қозғалып келе жатқан «Нива» көлік құралына жол бермей, соқтығысқан. Жол көлік оқиғасы салдарынан «Нива» автокөлігі сәл сырылып, материалдық залал келген. Көлік құралдарының жүргізушілері өзара келісімге келіп, басқа көліктердің қозғалысына кедергі келтірмеу үшін көліктерін жолдан алып тастамақ болған. Осы сәтті түсіріп алғандар «полицей жол көлік оқиғасынан қашты» деп түсінген және бұл ақпарат «УН» сайтында жарияланған.

БҚО ПД баспасөз қызметі мәлім еткендей, «Honda Odyssye» көлігінің жүргізушісі М. Тілеубаев өз кінәсін мойындаған. Оған қатысты Әкімшілік процессуалдық кодекстің 610-бабы 1-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Әрі жүргізушінің өзі де полицейлер тарапынан ешқандай қысым болмағанын айтып отыр.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
56 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
108 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
147 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
408 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
428 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»