8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Наурыз 2019 1741 0
Өзек

ІЗДЕУДЕ ЖҮРГЕН 14 ҚЫЛМЫСКЕР ҰСТАЛДЫ

РФ құқық қорғау органдарының іздестіруіндегі 5 қылмыскер Батыс Қазақстан облысында «Іздестіру» шапрасының бірінші күні-ақ ұсталды.

Қазақстан Республикасы аумағында және одан тыс жерлерде жасырынған қылмыскерлерді іздестіру және ұстау тиімділігін арттыру мақсатында ТМД құқық қорғау органдарымен бірлесе 13-14 наурыз күндері кең ауқымды республикалық «Іздестіру» операциясы өткізілді.

Операция кезіндеБҚО полиция департаментінің бөлімшелері 14 қылмыскерді тауып, ұстады. Облыс аумағында Ресей Федерациясы құқық қорғау органдарының іздестіруінде жүрген 5 қылмыскер ұсталды. Олардың бірі қарақшылық шабуыл жасаған. Сонымен қатар Орал қаласы полиция басқармасының іздестіруіндегі бір азаматтың РФ Самара облысында жүргені анықталды. Көші-қон қызметімен іздеу салынған тұлға Өзбекстан Республикасының азаматы.

Операция барысында БҚО ПД-ның іздеуіндегі 8 қылмыскер ұсталды. Сондай-ақ ПД баспасөз қызметі із-түссіз жоғалған бір азаматтың тұрып жатқан жерін анықтап,  белгісіз ер адам мәйітінің жеке деректері анықталғанын хабарлады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
134 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
378 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»