8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Наурыз 2019 2340 0
Қоғам

БҚО ӘКІМІ АҚЫН ДАРИҒА МҰШТАНОВАНЫ МЕРЕЙЖАСЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов өңірімізге танымал ақын, журналист Дариға Мұштановамен кездесіп, өнер иесін мерейлі жасымен құттықтады.


-Сіз талантыңыз бен еңбегіңіздің арқасында осы жасқа абыроймен жетіп отырсыз. Еліміз егемендік алмаған кездің өзінде айтыс сахнасына шығып, қоғамның кемшін тұстарын халыққа шынайы жеткізіп, талай додаларда оза шапқансыз. Ол кездері қазақтың салт-дәстүрі мен киелі домбырасының да, керек десеңіз тілінің де ұмытыла бастаған кезі болатын. Бүгінгі таңда жоғалтқанымыз қайта оралған заман орнады. Көп ұлтты халқымыз бірлік пен татулықтың арқасында бейбіт тұрмыс кешуде. Сөздің құдіретін түсінетін халықпыз. Сіз сол өз сөзіңізбен, өлең шумақтарыңызбен қоғамды бірлікке шақыруға, өскелең ұрпаққа дұрыс тәрбие беруге үлкен үлес қосып келесіз. Сол еңбегіңіз үшін зор алғысымызды білдіреміз. Деніңізге саулық, отасыңызға бақ пен береке тілеймін,-деді облыс әкімі.
Сондай-ақ кездесу барысында қазіргі қоғамдағы ахуал, мәдениет саласының жайы мен жастар тәрбиесі туралы ой пікірлер айтылды. Соның ішінде өскелең ұрпақты кітап оқуға баулу, жарық көріп жатырған кітаптардың мазмұнына мән беру жайлы әңгіме қозғалды.
Мерейтой иесі өз кезегінде туған күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірген облыс әкіміне зор алғысын айтты.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Фотоны түсірген: Темірболат Тоқмамбетов

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
60 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
111 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
150 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
410 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
430 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»