8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Мамыр 2018 2822 0
Спорт

СПОРТПЕН АЙНАЛЫСУ ҚОЛЖЕТІМДІ

Орал қаласында жаңа street workout алаңы қолданысқа берілді. Бұл алаң – Қазақстан Республикасы street workout федерациясының және «Айдана», «Отделстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің қала жастарына ұсынған сыйы.

Шаһарда соңғы жылдары спорттық алаңдар салу қарқын алды.  Street workout-пен қатар баскетбол, футбол, хоккей ойындарына арналған алаңдар көбеюде. Бұл жастардың қызығушылықтарын арттырып, бұқаралық спорттың дамуына айтарлықтай оң ықпалын берері анық. Әсіресе, мұндай алаңдардың салынуына демеушілердің қолдау көрсетуі – құптарлық жайт.

Жаңа алаңның ашылу салтанатында қалалық спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Азамат Нұрмұхамбетов игі істің құрылысына көмектескен облыстық мәслихат депутаты, «Айдана» ЖШС-ның басшысы Аветик Амирханян мен «Отделстрой» ЖШС директоры Валентина Михноға ризашылығын жеткізді.

– Жастар мен жас балғындардың салауатты өмір салтын ұстанып, спортқа ден қойғаны қуантады. Мемлекет басшысы спорттың дамуына айрықша мән беріп келеді. Біз де бұл іске үлес қосқанымызға қуаныштымыз, – деді Аветик Рубенович.

Алаңның ашылуымен street workout бағытындағы спортшылар жиналғандарға шеберліктерін көрсетті.

Айта кету керек, 2017 жылы қалада 20 спорттық және ойын алаңдарының құрылысы басталған болатын. Олардың оны өткен жылы қолданысқа берілді. Қалғаны биыл тапсырылады. Алаңдарды салуда жергілікті бюджеттің қаржысынан бөлек, «Самұрық Қазына Траст» АҚ, Street workout федерациясы қолдау көрсетуде.

Қалалық құрылыс бөлімі мамандарының мәліметіне сүйенсек, тағы 22 спорт және ойын алаңдарының ЖСҚ дайындалған. Демек, қала аумағында мұндай алаңдар әлі де көбейе түспек.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
137 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
381 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»