АҒАЙЫНДЫ МАТЕМАТИКТЕР САЙЫСТЫ
Оралдағы Х.Доспанова атындағы №30 орта мектепте 5-15 наурыз аралығында «Математика, физика және информатика пәндерін оқытудағы үштілділік саясатты жүзеге асыруда инновациялық технологияларды қолдану» тақырыбымен математика, физика және информатика пәндері бірлестігінің онкүндігі ұйымдастырылып, онкүндік аясында «Ағайынды математиктер» сайысы өтті.

«Бауыр шырын, бас тәтті, Ағайынмен ішкен ас тәтті» дегендей, бір отбасында тәрбиеленіп, өсіп-өніп келе жатқан ағайынды балалар арасындағы сайыс қызықты да тартысты өтті.
Ағайынды Мурсалимовтер, ағайынды Сайлаулар, ағайынды Орынғалилар» мен ағайынды Жәнібековтер қатысып, «Таныстыру», «Ойлан тап», «Буриме», «Басқатырғыш» бөлімдерінен тұратын сайыста бақ сынасты. Өздерінің бауырмалдылығы мен қоса пәнге деген сүйіспеншіліктерін көрсетіп, сайыстың бар мақсатын аша түсті. Сайыс кезеңдерімен сынға түскен ағайынды математиктердің барлық жинаған ұпайлары есептеліп, сайыс соңында жеңімпаздар анықталды.
Нәтижесінде бас жүлдеге ағайынды Сайлаулар лайық деп танылса, І орынға ағайынды Орынғалилар, ІІ орынға ағайынды Мурсалимовтер ие болды. Белсенділігі үшін ағайынды Жәнібековтер алғыс хатпен марапатталды. Уильям Гибсон өз сөзінде: «Бүгінгі күн болашақтың сұлбасы» деген екен. Ендеше, ел ертеңі білімді ұрпақты дамытып, өсіретін, баптайтын – мектеп пен отбасы.
Құрманғазы Әліпов, Х. Доспанова атындағы №30 ЖОББМ математика пәні мұғалімі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу