8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Наурыз 2019 2199 0
Жалын

ТӨТЕНШЕЛІКТЕР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МУЛЬТФИЛМ ДАЙЫНДАУДА

Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментінің Техникалық байланыс және құлақтандыру бөлімшесі «Өрт қауіпсіздігі ережелері» тақырыбына мультипликациялық фильм әзірледі.

Барлық балалар дерлік өрттің әлеуетті қауіп-қатерін толық түсінбестен, өртке асқан қызығушылық танытады. Үйде жалғыз қалған баланың сіріңке қорабымен ойнағысы, қағазды өртегісі келмейтініне, әрбір үйде бар тұрмыстық техниканың қалай жұмыс жасайтынына қызығушылық білдірмейтініне сенімді болуға болмайды. Әсіресе, жылу беру кезеңінде әр бала жылыту пешінің құрылысы мен оны пайдаланудың негізгі ережелерін білуі тиіс.

Төтеншеліктер дайындаған мультфильм балаларды оқытуға арналған. Кейіпкерлерге бағзы заманнан бері адамзатқа адал болып келген адамның төрт аяқты достары таңдалды.

БҚО ТЖД ӨҚСБ және ПҚБ бас маманы азаматтық қорғау аға лейтенанты А.Қадыровтың айтуынша, мультфильмде жылыту маусымы кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелері туралы айтылады. Онда балаларға егжей-тегжейлі және түсінікті түрде жылыту пешінің негізгі ережелері мен қолданылуы көрсетіледі. Биылғы жылы тағы бес бөлім әзірлеу жоспарлануда.

Айта кету керек, төтеншеліктер биылғы жылыту кезеңінде өрттің профилактикасына бағытталған 4 бейнеролик жасады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
45 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
106 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
142 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
407 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
427 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»