8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Маусым 2017 2160 0
Спорт

Жетістіктерге арналған жаңа кешен

Өткен жылдың соңында Оралда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубы ашылды.  Енді мүгедектер арнайы залда білікті бапкерлердің жетекшілігімен грек-рим күресі, дзюдо және таэквондомен кәсіби түрде айналысады. Кешен заманауи жаттығу құрылғыларымен толықтай жабдықталған.

Облыстық әкімдік  пен дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауының нәтижесінде қызметіне кіріскен спорттық нысан алғашында жеті маманмен жұмысын бастады.  Мұнда  келушілер воллейбол, үстел теннисі, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, отырып  арбамен билеуден бөлек жиырмаға жуық спорт түрімен шұғылданады. Клубтың негізгі бағыты мен мақсаты — қаламыздағы дене сырқатына шалдыққан  жандарды  спортқа тартып, олардан  облыстық құрама жасақтау. Бұл жерде кембағал жандар күн сайын тегін жаттығады. Алдымен  психолог, кейін кәсіби маман әр келушімен  жеке жұмыстанып, спорттық қабілеттерін дамытып, тағдыр баспалдағында туындаған  қиындықтарды жеңіп, алға қадам бастыртуды  көздейді. Бір сөзбен айтқанда, мүгедек жандар спортпен тұрақты түрде айналысу арқылы, қоғамда өзіндік орны бар екенін моральдық тұрғыда дәлелдейді. «Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының» директоры Азон Шаймардановтың айтуынша, негізгі жұмыс шаһардағы мыңдаған мүгедек жандарды бұқаралық спортқа тарту. – Қолымыздағы бар мүмкіндікті пайдаланып, тағдырластарымызды  салауатты өмір салтын сақтауға баули отырып, алкоголь, темекі, нашақорлық сияқты зиянды әрекеттерден алыстату. Сол бағытта арнайы жасалған жоспар бойынша спорттың бірнеше түрінен қалалық  жарыстар ұйымдастырылады. Яғни, дене мүмкіндігі шектелген адамдар арасында республикалық және әлемдік байрақты жарыстарды өткізу алдағы күндердің еншісінде. Клуб мүшелерінің қатарында  ерен еңбегімен биік шыңдарды бағындырған спортшылар мен қаламыздағы мүгедек жандарға арналған мектеп-интернатындағы оқушылар  бар. Көп жағдайда біздің орталықты оңалту орындарымен шатыстырады, алайда спорт клубы тек дене жаттығуымен шұғылданып, түрлі додаларда оза шабуға ниетті жандармен жұмыстануға әзір, – дейді  Азон Шаймарданов.

Сенім – жетістік кілті

Жұмысын бастағанына жеті айдан асқан кешеннің жетістіктері де жетерлік. Клубқа білікті мамандар мен бапкерлер  жұмысқа тартылып, қаншама мүгедек жандарға жағдай жасалып, өздері қалаған спорт түрімен айналысып, жарымжан көңілдерге  шуақ ұялауда.  Спорттық нысанда «Есту қабілеті төмен», «Көру қабілеті нашар», «Тірек-қимыл аппараты зақымдалған» адамдарға арналған үш бөлімде спорттың оннан аса түрі тұрақты жұмыс жасайды. Келешекте баскетбол мен армрестлингтен, садақ ату, футбол мен суда жүзу  жаттығуларын  өткізу жоспарланған. Ал жалпы алғанда өңірде барлығы 150-ден аса адам паралимпиялық және сурдоолимпиялық спортпен шұғылданады. Олар шахмат, дойбы, үстел теннисі, волейбол, ауыр атлетика, жүзу секілді спорт түрлерінен республикалық және халықаралық жарыстарда облыс намысын абыроймен қорғап жүр. Ашылған уақыттан бері Қызылордада дзюдодан ҚР-ның чемпионаты өтіп,  үш  спортшы нәтижелі орындарға ие болса, Талдықорғанда ұйымдастырылған паурлифтингтен ҚР-ның Кубогында төрт қатысушы жүлделі екінші және үшінші орындарды қанжығаларына байлапты. Сонымен қатар,  халықаралық дәрежеде Ташкентте оздырылған Азия чемпионатында  армрестлингтен бағын сынаған спортшы қола медальді ұтып алған. Биылдың өзінде жиырмаға жуық  түрлі деңгейдегі спорттық бәсекеде  сынға түскен қырыққа жуық жарыскерлер өте жақсы көрсеткіштер иеленіп, жинаған ұпайлары арқылы «В» класынан «А» класына өту мүмкіндігіне ие болды. Алға қойған мақсат бар да, сол мақсатқа жету бар. Дені сау адамдарға арналған жазғы олимпиада ойындарына жолдама алу тәртібіне қарағанда, мүгедектер үшін Паралимпиалық ойындарға жолдама алу процесі  өзгеше жүйеде өтеді. Біріншіден, сол мүгедек спортшылардың мүгедектік санатына байланысты бірнеше классқа бөлінсе, екіншіден, олар бір спорттық класстан екінші спорттық классқа өту үшін бірнеше халықаралық жарыстарға қатысып, тиісінше ұпайларын жинауы керек.

Орайын тапсаң, шешілмейтін мәселе жоқ

«Батыс Қазақстан облысы мүгедектері ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы  Жұмажан  Қожжановтың берген ақпаратына сүйенсек, өңірде барлығы  24 206  кембағал жан бар. Олардың  800-нің   құлағы естімесе,  2500-нің  көзі нашар көреді екен. Ал осы  тұлғалардың екі мыңдайы мәдени шараға белсене қатысады. Спортқа мыңнан астамы бейім. Әсіресе, Ақжайық, Тасқала, Жаңақала,  Сырым және Зеленов аудандары спортшыларының жетістіктері көңіл қуантады. Аталған топтың спортшылары 1997 жылдан бастап халықаралық дәрежедегі жарыстарға атсалысса,  2001 жылдан бері тұрақты бақтарын  сынап келеді. –  Алғашқыда он шақты адам жолдамаға ие болса, бүгінде 70-80 спортшы түрлі додаларға  қатысып жүр. Аталған жандардың спорт арқылы өмірге етене араласуы маңызды. Бұл топтағы жандар жұмыспен қамтылған. Көптеген кәсіпкерлер үшінші топтағы жандардың  еңбекке араласуына жағдай жасауда. Кейбірі өз кәсіптерін ашып, жұмысты ұршықша иіріп отыр. Мәселен, Ақжайық ауданында елуге тарта қамкөңіл жан жеке жұмыс орындарын ашып, қатарластарын еңбекпен қамтуда, – дейді Ж.Қожжанов.  Бұл орайда «Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы» директорының орынбасары Дәурен Қабдолов облыс орталығындағы кешенге өңірдің барлық спортшыларын қамту мүмкін болмай отырғанын мәлімдеді. – Біз жаңа спорт кешенге ие болу үшін ұзақ уақыт тер төктік. Мүмкіндігі шектеулі болғанына қарамастан он екі мүшесі сау адамның қолы жетпеген жетістікке жету арқылы спорт баршаға бірдей екенін дәлелдедік. Бұл жерде әр түрлі топтағы мүгедектер шынығады. Біз волейболды отырып та, тұрып та ойнаймыз. Сондай-ақ, үлкен теннис және көзі көрмейтін мүгедектердің арасында голбол спорт түрін, мүгедек арбадағылармен балл биін билеуді дамытуды көздеп отырмыз. Дегенмен, әлі де шешімін таппаған жәйттар көп. Мысалы, аудандардағы қамкөңіл жандарды қатарымызға қосу қиын. Қимыл-қозғалыста кедергі болғандықтан аудан спортшыларымен етене араласу мүмкін емес.  Бұл орайда аудан әкімдерінің атына хат жазып, көмек қолын созуға шақырдық. Бірақ тұшымды жауап әлі жоқ.  Егер аудан әкімдігінің  қолдауымен ауылдық мектептің спорт залдарына мүгедектерге арналған спорттық секция ашу туралы келісім жасасақ, жоғарыда айтылып өткендей, облыстық деңгейде толық жұмыс жасалып, тұтас команда құрар едік. Осылайша спортшылар өздерінің тұрғылықты жерлерінде жаттығып, облыстық жарыстарға бір құрама ретінде қатысса нұр үстіне нұр болар еді. Дегенмен, жұмыс енді ғана басталды. Біз өз мақсатымызға жету жолында аянбай еңбек ететін боламыз, – дейді Дәурен Ахметұлы.

Бүгіннің өзінде  жаңа спорттық клубка  екі жүзге жуық адам мүше. Тең жартысы кәсіби спортшылар. Жаттығу залында денесін ширатқан атлеттер шахмат, тоғызқұмалақ ойнап демін басады.  Бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы атанып үлгерген олар  соңғы үлгідегі спорт кешенінде жаттығудың нәтижесі   әлемдік спорт додаларын еңсеруге жол ашарына сенімді. Сайыскерлер тамызда Ақтауда, қыркүйекте Атырауда өтетін байрақты бәсекеге дайындық үстінде.  Біз тек оларға сәттілік тілейміз.

Айнұр ТӨЛЕУҒАЛИҚЫЗЫ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
44 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
261 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
754 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1131 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1063 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1491 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2107 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2274 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2280 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2329 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2335 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
1978 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2814 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2871 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2864 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3474 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3446 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3432 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3410 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3574 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3620 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»