Балғын гимнастшылар
Тарих қойнауына енгелі тұрған мешін жылында
14 жасар Дана Өтежанова «Спорт шебері» атағын абыроймен қорғаса, 12 жастағы Азиза Дәуренова «Спорт шеберлігіне үміткер» атанды. Жуырда спорттық гимнастика бойынша Шымкентте өткен ҚР Жастар чемпионатынан жүлдемен оралған Дана алтыннан алқа тақса, Азиза күміс медальды олжалапты.
Спорттық гимнастикамен бес-алты жасынан айналыса бастаған Дана Алматы, Астана, Шымкент қалаларында өткен бірнеше үлкен жарыстарда бағын сынап үлгерген. – Спортты сабақпен қатар алып жүрмін. Әлі де биік жетістіктерге жеткім келеді, – деді №46 орта мектепте оқып жүрген жас спортшы. Ал Азиза Дәуренова – №26 орта мектептің оқушысы. Ол спорттық гимнастиканың денсаулығын шыңдауына, сымбатты болып бойжетуіне ықпал етеріне сенімді. Оған қоса қазақстандық танымал гимнастшы Әлия Юсуповаға еліктейтінін айтты. – Жарыстарға барып келгеннен кейін сабағыма да үлгеруге тырысамын. Биология, география, тарих пәндерін жақсы көремін, – дейді Азиза.
Оралдық қос спортшының жетістігі – оларды әрбір жарысқа дайындайтын жаттықтырушылардың өлшеусіз еңбегі. Олардың жеңісіне №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушылары Айжан Мұсабекова мен Ирина Крепицаның қосқан үлесі зор. Олар бүгінде Ұлттық жастар құрамасының сапына қосылған Дана мен Азизаның алда талай биіктен көрінеріне сенеді. Ел спортының дамуына үлес қосып, қаламыздың атағын аспандатып жүрген балғын спортшылар келер жылы Алматыда өтетін V Президент кубогына дайындалуда.
Ләззат ҚАЖЫМ
Соңғы жаңалықтар
ІІМ: «Жас сақшы» сыныптарының алғашқы түлектері сертификат алып, заңға қызмет ету жолын таңдады
Батыс Қазақстан облысында дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа сервис іске қосылды
Қауіпсіз жаз: БҚО бойынша ЭТТД қызметкерлері балаларды қаржылық сауаттылыққа үйретуде
Орал теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарының 97 пайызы орындалды
Оралда «Әулеттің алтын діңгегі – 2026» облыстық жас келіндер байқауының жеңімпазы анықталды
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді

Кіру
Пікір үстеу