8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Наурыз 2019 2631 0
Жалын

ОРАЛДЫҚ ЖАС ӘНШІ В.МЕЛАДЗЕНІҢ ТОБЫНА ҚОСЫЛДЫ

Оралдық балғын Ержан Максим «Голос.Дети» Ресей тележобасының «Көрмей тыңдау» кезеңінде Андреа Бочеллидің «Ama credi e vai» әнін орындап, қазылар алқасын таңқалдырды.

Қазылар құрамындағы Светлана Лобода, Пелагея және Валерий Меладзе – үшеуі де бұрылып, Ержан Максимді өз топтарынан көруге асық екендіктерін білдірді.

Светлана Сергеевна бұған дейін шыққан қатысушылардан Ержанның дауыс деңгейі ерек екенін айтса, Пелагея оған әдеттегіден тыс лайықты теңеу таппай отырғанын жеткізді. Дегенмен, Ержан өзіне жетекші ретінде Валерий Меладзені таңдады.
Алда жобаның келесі – «Шайқас» кезеңі.
Біз, жерлесімізге сәттілік серік болсын деген тілегімізді білдіреміз.

Айта кетейік, 11 жасар Ержан Орал қаласындағы №34 мектеп-гимназиясының оқушысы. Вокалдан ұстазы – Дария Бақытова.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ, 

суреттер Ержан МАКСИМНІҢ әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
45 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
106 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
142 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
407 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
427 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»