8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Ақпан 2019 2136 0
Өзек

ОРАЛДА СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗІНДЕ ҚАУІПСІЗ ОРЫНҒА КӨШУ АМАЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛУДЕ

Оралда саяжай тұрғындарына өрт қауіпсіздігінің алдын алу және көктемгі су тасқыны кезіндегі бірінші әрекеттер түсіндірілуде.

Қардың қалың түсуіне байланысты Шаған, Деркөл және Жайық өзендері арнасынан асып кетуі мүмкін. Сондықтан апаттың алдын алу үшін құтқарушылар қазірден қамданып жатыр. Егер тасқын бола қалса, бірінші кезекте саяжайларды мекен еткендер  зардап шегеді.

Төтеншеліктер өткен аптадан бері өзен сағасындағы 75 саяжайды шарлап, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Олар әр үйдің есігін қағып, тұрғындарға қауіпсіздік шараларын түсіндіруде. Бұған еріктілер де жұмылдырылған.

– Бір аптадан бері құтқарушы мамандармен бірге саяжайларды аралап, түсіндіру шараларын жүргізудеміз. Үйде болмаған жағдайда жадынамаларды қалдырамыз. Онда су тасқыны кезінде қауіпсіз жерге көшудің амалдары және арнайы қызметтерге хабарлау туралы толық жазылған, – дейді ерікті, жоғары аграрлық теникалық колледжінің студенті Кәмила Қожабергенова.

Апат айтып келмейді, бірақ қазақта «сақтансаң сақтаймын» деген сөз бар. Өңірде су тасқынының ықтималдылығы мәлім етілген болатын. Өйткені биылғы қардың түсуі жылдағыдан айтарлықтай мол.

Төтеншеліктер тек түсіндіру жұмыстарын жүргізумен ғана шектелмейді. Тасқынға төтеп беру үшін 20 мың құм толтырылған қаптар мен техникаларын да сайлап отыр.

Айта кетейік, аталған өзендердің бойында  75  саяжай қауымдастығы бар. Оларда 14  мыңға жуық тұрғын тұрып жатыр.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
45 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
106 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
142 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
407 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
427 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»