БҚО-ДА БІР ТӘУЛІКТЕ 143 АДАМ ҚАР ҚҰРСАУЫНАН ШЫҒАРЫЛДЫ
18-19 ақпан күндері облыс аумағында дауылды ескерту жарияланды. «Қазавтодор» ЖШС БҚО филиалының мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты 18 ақпан күні кешкі сағат 22.20-дан бастап облыстық, республикалық маңыздағы барлық бағыттағы жолдары жабылды. БҚО ТЖД арқылы ескерту СМС-хабарламалары жіберілген. Бірақ, азаматтардың бірақатары ескертуге құлақ аспай, жолға шыққан.

Архив
БҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен тәулікте 143 адам құтқарылған. Олардың екеуі бала және 12 адам қауіпсіз орынға көшірілген. Аталған фактілер Ақжайық, Тасқала, Бәйтерек аудандары аумағында тіркелген. Әсіресе Тасқала ауданы бойынша Орал-Саратов тасжолында көліктердің ағымы көп болған. Бұл жолдың 62-96 шақырымы аралығында ТЖД-ның күшімен 31 автокөлік тазартылған жол бөлігіне шығарылған. Көлік салондарында 117 адам болған. Олардың біреуі бала. Сонымен қатар жеті адам қауіпсіз орынға көшірілген.
«Жайық үні» газеті
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу