РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
13-16 ақпан аралығында Батыс Қазақстан облысының командасы республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар байқауына қатысты. Оқушылардың 625 ғылыми жобасы тыңдалған байқау еліміздің барлық өңірлерін қамтыды. Республикалық байқаудың қорытындысы бойынша батысқазақстандық оқушылар 2 алтын, 4 күміс және 5 қола медальмен марапатталды.

Орал қаласы Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Назгүл Қажалаева (жетекшісі – Шынар Қаратаева) «Қамшы мен сәбіз әдісінің бала психологиясына әсері», №44 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Эльдар Қаресов (жетекшісі – Әлия Қайыржанова) «Қазақ, орыс және ағылшын халықтарының мәдениеті мен дәстүрінің мақал-мәтелдерде көрініс табуы» тақырыптарында жобаларын қорғап, І орын иеленді.
Бәйтерек ауданы, Щапов орта жалпы білім беретін мектебі 9 сынып оқушысы Милана Чернухина «Изучение и использование уникальных свойств солодки уральской», облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Салидат Тілекқабыл «Қиыр шығыс майданына қатысқан Батыс Қазақстан қыздары», Сырым ауданы, Жалпы білім беретін Қ.Мырзалиев атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Шадиар Елеубаева «Конституционное право человека и гражданина на непрекосновенность частной жизни в Республике Казахстан», №44 мектеп-гимназиясы 11-сынып оқушысы Қымбат Орынғалиева «Қазақстың ұлттық ою-өрнегінің сиқырлы сыры және оны қолдана білудің маңыздылығы» жобалары бойынша 2-ші орынды иемденді.
№35 мектеп-лицейі 10-сынып оқушысы Евгений Бондаренко «Android алаңында бағдарламалар құру», облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Зарина Сержанова «Түрлі өндіріс қалдықтарынан ванадийді сорбциялауда табиғи сорбенттерді қолдану», Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-лицей-интернаты, 11-сынып оқушылары Ернар Сағындықов пен Альберт Әділов «Егемендік идеясының Конституциялық бекітуі және оның құқықтық маңызы», Орал қаласы №33 жалпы орта білім беретін мектебі 9-сынып оқушысы Нұрберген Дарбай «Батыс Қазақстандағы құлпытастар тарихы» жобаларын қорғап, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Үміт Жәңгірова, БҚО білім басқармасы баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу