МӘМС: БҚО-ДАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРҒА 6 МЛРД. 384 МЛН.ТЕҢГЕ ТӨЛЕНДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры» КеАҚ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы 2019 жылдың қаңтар айында халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 6 млрд. 384 млн. теңге төленді.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры» КеАҚ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы 2019 жылдың алғашқы айында халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 6 млрд 384 млн. теңге төледі. Қаржы кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті (ТМККК) шеңберінде бөлінді.
«2019 жылдың 1 ақпандағы мәлімет бойынша, жеткізуші медициналық ұйымдарға кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті шеңберінде бекітілген келісімшарт сомасының 19 пайызын құрайды. Жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті», – деді филиал директоры Нуржамал Жумагулова.
Қаржыны қайта бөліске салу үшін медицина ұйымдарының өкілдері Қорға өтінім жолдайды. Өтініш заңда белгіленген тәртіп бойынша қаралады.
Медициналық сақтандыру қоры емдеу мекемелерімен ТМККК пакеті шеңберінде халыққа тегін көмек көрсету жөнінде келісімшарттар бекіткен болатын. 2019 жылы бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасы 32 млрд 360 млн. теңгені құрап отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7 пайызға көп.
Биылғы жылы мемлекеттік тапсырысты 51 медицина ұйымы орындамақ. Оның 15-і – жеке меншік.
Естеріңізге сала кетсек, МСҚ 2018 жылдан бастап ТМККК және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеттерінің қаржылық операторы болып табылады және халыққа көрсетілетін медициналық қызметтерді ҚР Үкіметі бекіткен тәртіп бойынша сатып алумен айналысады.
Медициналық сақтандыру қорына түскен жарналар туралы
Қазақстан Республикасы бойынша жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 31 қаңтарына дейінгі аралықта жинақталған жарнаның жалпы сомасы 140,52 млрд теңгені құрады.
Батысқазақстандықтардың медициналық сақтандыру қорына аударған жарналарының сомасы 4 млрд. 392 млн. теңгені құрады.
Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры» КеАҚ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу