8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Ақпан 2019 2508 0
Жалын

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

М.Өтемісов атындағы БҚМУ студенттері  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Артур Платоновпен кездесті. 

 

Кездесу барысында Н.М.Әбдіров студент жастарды көргеніне қуанышын білдіріп, Батыс Қазақстан облысына жасаған іс сапарын әңгімеледі. Жиналғандарға үгіт-насихаттың көп керектігін айтты. Артур Станиславович  осыған дейін бірнеше жыл университет қабырғасында қызмет еткенін айта кетіп, мұндай аудиторияда сөз сөйлеу, ой бөлісу – оқытушы үшін бақыт екенін жеткізді. Біздің еліміздің басынан кешкен оқиғаларын еске алып, тәуелсіздік алғаннан бергі жетістіктерге тоқталды. Елбасының бастамасымен қолға алынған бағдарламалардың маңыздылығы мен қажеттілігін түсіндірді. Университет ректоры, әрі кездесу модераторы Нұрлан Хабиболлаұлы Серғалиев студенттерді көкей кесті сұрақтары мен ұсыныс-тілектерін айту үшін ашық микрофонға шақырды.

 

Сөз алған студенттер алдағы уақытта қабылданатын заңнамаларды, болашақта маңызды болар мамандықтар туралы, “Педагог мәртебесі” туралы заңның дайындалуы, жастар мәселесі жөніндегі сұрақтарын қойды. Салмақты сұрақ, тұшымды жауаптар кездесудің мағынасын арттырды.

 

Айзада Дүйсенова 

         Фотосуреттерді түсірген рафхат Халелов

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
56 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
108 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
147 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
408 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
428 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»