ЖАС АҚЫНДАР МҮШАЙРАСЫ ӨТТІ
Жастар жылына орай таланттарды қолдап, шығармашылығын шыңдау мақсатында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде қазақ филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен университетішілік жас ақындар мүшайрасы өтті. Жыр кешінің шымылдығын қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі Индира Сағындыққызы мен факультет деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ганмиркүн Ганмирханқызы ашып, студент ақындарымызға шығармашылық шабыт пен сәттілік тіледі.

Үш кезеңнен тұратын жыр додасында қатысушылар патриоттық тақырыптағы өлеңдерімен елге деген сүйіспеншілігін жеткізумен қатар, Елбасы Жолдауларында көтерілген мәселелерді жырға қосса, «Поэзия – сезімдер патшалығы» атты бөлімде сыр мен сезімге толы туындыларын оқыды. Жыр додасында жас ақындардың әртүрлі тақырыптағы өлеңдері де бір серпілтті. Сонымен қатар ақындарымыз сол жерден берілген сөздерге шумақтар ойлап, өлең құрап, шеберлік пен таным көкжиектерінің кеңдігін таныта алды. Филология факультетінің деканы Әскен Самұратұлы төрағалық жасаған, республикалық айтыстардың жүлдегері, ақын Талғат Мықи мен танымал ән авторларының бірі Орынбек Меңдіқұл қостаған қазылар алқасы жыр сайысына қазылық жасады.


Жыр кешінің қорытындысы бойынша бас жүлдені филология факультетінің 2 курс студенті Асылбекова Алмаш иеленді. Жүлделі I орынды Сламғали Аманжол (филология факультеті), II орынды Бахытжанова Айзада (филология факультеті), III орынды Асан Жақсылық (жаратылыстану-география факультеті) иеленіп, университет ректорының атынан дипломдар табыс етіліп, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Рухани-мәдени кеште өзге де студент ақындардың жырлары оқылып, әсем әндер орындалып, көңіл сарайын бір серпілткен тағылымды кештің куәсі болдық.
Рита Сұлтанғалиева, М. Өтемісов атындағы БҚМУ баспасөз қызметі
Жансая Мусина, тәуелсіз сарапшы: Мұндай шаралар жиі өтіп тұру керек деген ойдамын. Жастар шығармашылықтарын осылай шыңдайды. Болашақ үлкен жыр додаларында топ жаруы үшін үлкен дайындық. Студент ақындар бірден жарқ етіп шықпауы мүмкін. Талантты шыңдаса ғана нәтиже әкелері сөзсіз. Жас ақындарымыздың мазмұнды өлеңдерін көріп қуандым. Өлең құрау техникасы мен көркемдік ерекшелігі де көңіл қуантады. Жастар арасында шынайы рухани жаңғыру осындай тағылымды шаралар арқылы ұлықталады деп ойлаймын.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу