ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары жоғары білім берудің негізгі бөлігі және маман даярлау сапасын арттырудың тиімді тәсілі саналады. Осы бағытта студенттердің ғылыми-зерттеу еңбегінің дағдыларын қалыптастырып, қазіргі заманғы маман дайындау талабына сай зерттеуші, басқарушы, практик деңгейінде шығармашылық бастамаларын дамытып, ғылыми-техникалық үдеріс жетістіктерін тәжірибеде қолдануға бағыттауға «Техникалық пәндер» кафедрасының оқытушылары үлестерін қосуда.

Кәсіби пәнді терең меңгеруге, жаңа идеяларды өз бетінше игеруге, ғылыми ақпараттар тасқынында жедел әрі тиімді бағыт ұстануға бейімдеу бағытында «Техникалық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, техника ғылымының магистрі Алмажай Иманғалиеваның еңбегі ерен. Студенттің бойындағы таланттың жаңғыра түсуіне зор үлес қосып, шығармашылық шыңдалуы жолында тынбай еңбек етіп, жетекшілік еткені үшін ол «Алғыс хатпен» марапатталды. Алмажай Нұржанқызының жетекшілігімен биылғы оқу жылында «Мұрагер» интеллектуалды білім порталы ұйымдастырған Республикалық қашықтықтан өткізілген «Ғылыми жоба» байқауында РЭТ мамандығының студенті Айдана Искакова жүлделі ІІІ орынды иеленіп, дипломмен марапатталды.
Жастардың ғылыми, техникалық және әлеуметтік дүниетанымын кеңейтуге, ғылыми-практикалық конферецияға ғылыми жобаны дайындауға жетекшілік еткен жастарды ғылыми еңбекке, ізденіске, шығармашылыққа үйретіп жүрген «НОО сфера» студенттер технопаркінің басшысы Шаймардан Шоңыраев «Алғыс хатпен» марапатталса, ұстаздың жетекшілігімен 2018-2019 оқу жылының желтоқсан айында «Мұрагер» интеллектуалды білім порталы ұйымдастырған Республикалық қашықтықтан өткізілген «Ғылыми жоба» байқауына қатысып, РЭТ мамандығының студенті Мұрат Асқаров жүлделі І орын иеленген. Ал шәкірті Алмас Өтепов жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды. Өткен жылдың қараша айының 13-27 күндері аралығында «Өнеге» интеллектуалды білім порталының Республикалық қашықтықтан өткізілген «Үздік ғылыми жоба» байқауына қатысқан Алмас Өтепов пен Мұрат Асқаров бас жүлдені қанжығаласа, Оралбек Есболов І орынға лайық болды.
А.ИМАНҒАЛИЕВА, «Техникалық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу