ӘЙЕЛ СҰЛУ ҚАШАНДА ӘДЕБІМЕН…
Бүгін Орал қаласы полиция басқармасының ғимаратында осындай тақырыппен жиын өтті.

Расында да қоғамның бет алысы әйел затының тәрбиесі мен әдебіне байланысты. Бұл жаратылыс – нәзік әрі сұлу, ішкі дүниесі күшті, қылықты, сезімтал, айналасын ақылымен және айласымен гүлдендіріп отыратын күшке ие. Осынау әйел қызметкерлердің нысанды форма немесе азаматтық киім кию үлгісі, жүріс тұрысы, сөйлеу әдебі мен әріптестеріне қарым-қатынасы қандай? Осы сауалдарға әйелдер кеңесінің мүшелері жауап іздеді. Жиынға басқарманың погонды әйел қызметкерлері мен мемлекеттік қызметкерлер, ардагерлер кеңесінің белсенді мүшелері қатысты.
Әйелдер кеңесінің мұрындық болуымен бұған дейін өткізілген жиындардың күн тәртібінде мектеп жасына жетпеген бүлдіршіндерді балабақшаларға орналастыру, жұмыс регламенті, жұмыстан кешікпеу туралы мәселелер қаралатын еді. Бұл жолғы кеңесте әйел қызметкерлердің қызметтегі тәртібі, әріптестерімен және азаматтармен сыпайы сөйлесуі, ілтипатты қарым-қатынас жасау ережелері, т.б. қаралды. Кеңесте алғаш сөз алған Орал қ.ПБ ақпараттық-аналитикалық бөлімінің бастығы полиция подполковнигі әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлнар Қаташева 2018 жыл ішінде атқарылған жұмысты қорытындылап, Қазақстан Республикасының айтулы мерекелерінің жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілуіне ат салысқан қызметкерлерге алғысын айтты. Бұдан әрі ардагерлер кеңесінің төрайымы Клавдия Қуанышқалиева күйзелістен шығу жолдары, нысанды форманы талаптарға сай кию, шаш үлгісі, өзара сөйлеу әдебі туралы айтып, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Әсіресе, әйелдерге жарасатын қымсыну, тартыну, имену, қыз ибасы мен әдебі жөнінде баяндап, барлық рухани жақсылықтардың қыз бала бойынан табылатынын айтты. Ішкі істер органында аттай 21 жыл қызмет атқарған уақыттардағы көрген-білгендерін, өмірлік ұстанымдарын айтып, әркез сабырлы болуға шақырды. Адамгершілік пен ұяттан асқан әдемілік жоқ деп ойын қорытындылады.
Орал қалалық ПБ жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы полиция майоры Ақтоты Көшкінова қазір сәнге айналғандай құлаққа салпыншақ сырға тағу, дәлізде ақырып-жекіріп сөйлеу, бейтаныс, сырттан келген азаматтардың алдында дауыс көтеру сынды өрескел мінездердің болмауын сөздеріне тиек етсе, Орал қ.ПБ мектеп инспекторы полиция майоры Ақжарқын Жандауова қызметінің көп уақыты мектепте, оқушылар ортасында, оқушының ата-аналарының қасында өтетіндіктен, сырт көздің сыншы болып, киім киісіміз бен мінез-құлқымыздың үнемі назарда болатынын жеткізді. «Орта, қоғам баршамызды тәрбиелейді. Көшеде, мектепте нысанды формамен жүргесін барлығы қарайды. Шашымның ұқыпты жиналуын, киімімнің үтіктелген таза болуын қарап отырамын. Әйел қызметкерлердің өзі де сөзі де сұлу болғаны жөн. Ол ылғи да ақылына жүгінеді. Ең бастысы уақытпен санаспайтын тынымсыз қызметімізде сабыр мен шыдамдылық жанымызға серік болсын»,-деді.
Орал қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің аға инспекторы полиция майоры Самал Серікқали, штаб бастығы полиция капитаны Альфия Рахметова, кеңсенің жетекші маманы Ләззат Дүзембетова, жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы полиция майоры Динара Абдулкалыкова, тергеу бөлімінің тергеушісі полиция капитаны Анастасия Серікқалиева қызметегі тұрақты мінез-құлық пен ұстамдылық, қысқа юбка кимеу, ашық-шашық киінбеу, келісті киім кию үлгісі әйел қызметкерлердің мәртебесі деп өзіндік ойларын ортаға салды, түйіндеді.
Әйелдер кеңесі жиынының соңында төрайым полиция подполковнигі Гүлнәр Қаташева мен ардагерлер кеңесінің төрайымы милиция майоры Клавдия Қуанышқалиева жасы үлкен қызметкерлер мен шені бір саты жоғары қызметкерлерге сыйластық көрсетіп жол беруге, дәлізде немесе көшеде өткізіп жіберуді талап етіп, сыйластыққа және түсіністікке шақырды. Әдеп ережелерінің нормаларын бұзғандар тәртіптік жазаға тартылатын болды. Қызметтегі әдеп пен тәртіп өте маңызды дүние.
Гүламан Исмагулова, Орал қ.ПБ баспасөз қызметкері
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу