САУАТТЫ ЖАРНАМА – ТІЛ ТАЗАЛЫҒЫНЫҢ КӨРІНІСІ
Бүгін облыстық тілдерді дамыту басқармасы мен Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы көрнекі ақпарат саласындағы ынтымақтастықты дамыту және өзара түсіністікке ықпал ету мақсатында дәл осындай тақырыппен семинар-тренинг ұйымдастырды.

Семинар жұмысына облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов, облыстық тілдерді дамыту басқармасы, кәсіпкерлер палатасы, қалалық әкімдік өкілдері, кәсіпкерлер қатысты. Алдымен жиналғандарға Теректі ауданына қарасты Шаған орта мектебінің педагог-психологы Юлия Шыныбекова «Смарт – мақсат» тақырыбында тренинг өткізді. Жиынды ашқан облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева қоғамдық сананы қалыптастыратын, қозғаушы күштің бірі – көрнекі ақпараттар мен жарнамалар екенін тілге тиек етті. – Орал қаласының келбетін арттыратын түрлі жарнамалар, хабарландырулар, бильбордтар, көрнекі ақпараттар. Алайда жарнамалардың мәтіндерінің қате жазылуы мен айтылуы қоғамда жиі сынға ұшырайды. Сыртқы көрнекі ақпарат кез келген өңірдің сауаттылық бет бейнесін айқындап, өңір халқының мемлекеттік тілге деген құрметін білдіреді. Басқарма тарапынан ҚР Тіл туралы заңының 21-бабының орындалуы, Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының нәтижелі көрсеткіші бойынша мемлекеттік тілді пайдаланудың дәрежесін арттыру мақсатында әдістемелік көмектер көрсетіліп отырады. Бүгінгі шараның да негізгі мақсаты – осы. Көрнекі ақпарат саласында өзара ынтымақтастықпен ықпал ету, – деген Айгүл Әділгерейқызы баршаны қала келбетін бірізділікпен бірге айшықтауға шақырды.
Облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Абдоллаұлы: – Тарихқа шегінер болсақ, Тәуелсіздік алғаннан бері өз тілімізді кеңінен қолдануға әрекет жасадық. Бүгінде әр түрлі мемлекеттік бағдарламалардың қабылдануының, қоғамның шынайы бет бұруының нәтижесінде тілдік қолданыс жоғары деңгейге жетті. Ендігі мәселе – сол тілімізді қаншалықты сауатты қолданып жүрміз? Осы тұста жарнама кез келген кәсіптің қайнар көзі екенін ескерсек, мемлекеттік жекешелік әріптестікке басымдық берілген кезеңде жарнамалардың сауаттылығына мән беруіміз керек, – деді.
Семинар барысында БҚО тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Жомарт Ерназаров көрнекі ақпараттар мен жарнамаларда тіл нормаларының сақталуына тоқталса, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Ирина Вайдиева заңнама шеңберінде сыртқы жарнаманы реттеу мәселесін тарқатты.
Семинар аясында Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламаларын аймақта жүзеге асыру, қолданыстағы заңнамаға сәйкес әдістемелік көмек көрсету, көрнекі ақпарат және жарнама саласындағы мәтін сауаттылығын сақтауда кең ауқымды әрекеттесу жоспарланды.
Шара соңында БҚО тілдерді дамыту басқармасы мен Кәсіпкерлер палатасы өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу