Жас спортшының жетістігі – өңір мақтанышы
Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болған Өнер Сейілханмен және оның жаттықтырушысы Берік Жарылқасынұлымен кездесті.
Кездесу барысында басқарма басшысы жас спортшыны құрлықтық додадағы табысымен құттықтап, алдағы оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарына сәттілік тіледі. Сонымен қатар спортшы мен бапкерге алдағы уақытта қажетті қолдау көрсетіліп, жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне жағдай жасалатынын атап өтті.
Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Маратұлы жас боксшының халықаралық аренадағы жетістігі өңірде бокс спортын дамытуға оң ықпал ететінін айтты. Жас спортшылардың осындай нәтижелері өскелең буынға үлгі болып, спортқа деген қызығушылықты арттыруға мүмкіндік береді.
Өз кезегінде Өнер Сейілхан мен оның жаттықтырушысы көрсетілген қолдау үшін ризашылықтарын білдірді. Олар алдағы бәсекелерде ел мен өңір намысын лайықты қорғап, жаңа жетістіктерге ұмтылатындарын жеткізді.
Кездесу соңында басқарма басшысы спортшы мен бапкерге алдағы жарыстарда жеңіс пен толағай табыс тіледі.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
«Мақат – Индербор – Сәтимола» бағытындағы теміржол инфрақұрылымның құрылысы басталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды

Кіру