8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Қаңтар 2019 2315 0
Қалалықтар қаперіне

КРУГЛООЗЕРНЫЙДА «7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНАДЫ

Бұл туралы Круглоозерный кенті әкімі К.Нұршинов халық алдындағы есептік кездесуінде айтты.

Елбасымыздың Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмасына сәйкес, өткен жылы «7-20-25». Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы бекітілген болатын. Бұл бағытта кент әкімдігі бюджеттік ұйымдарда жұмыс жасайтын қызметкерлердің тұрғын үй қажеттілігін анықтап, «Оралземтрубсервис» ЖШС-мен және «Тұрғын үй құрылыс жинақтаушы банкі» АҚ өкілдерімен кездесу ұйымдастырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жобаның құны – 400 млн. теңге шамасында.

– Қазіргі таңда тұрғын үй құрылысының орны анықталып, аукцион арқылы жер телімі сатып алынды. Құрылысқа рұқсат қағаздар рәсімделгеннен кейін, құрылыс жұмыстары басталатын болады. Салынатын тұрғын үй бірінші кезекте бюджеттік ұйымдар қызметкерлері мен мемлекеттік қызметкерге берілетін болады. Қалған жағдайда әрбір кент тұрғынының алу мүмкіндігі бар,  – дейді Кенесары Бекболатұлы.

Сондай-ақ осы «Оралземтрубсервис» ЖШС Круглоозерныйда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік қағидасы аясында 160 орындық бала-бақша құрылысы бастаған. Жобаның құны – 600 млн. теңге.

Сонымен қатар, «Қамқор құрылыс» ЖШС «МТЖЖ-14» мекемесі ғимаратының бөлігін жеке бала бақшаға бейімдеу үшін сатып алып, қазіргі таңда 100 орынға арналған балабақшаның құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Аталмыш жобаның құны – 170 млн. теңге шамасында. Осы бөбекжайлардың ашылуымен Круглоозерныйда мектепке дейінгі бүлдіршіндерді балабақшамен қамту шешіледі деп күтілуде.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
62 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
113 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
152 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
411 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
431 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»