8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Қаңтар 2019 3009 0
Жалын

БАБАЛАР АМАНАТЫНА АДАЛДЫҚ ТАНЫТАЙЫҚ!

 Біржан Амангелдіұлы Кухаев:

– Он үш – бір мүшел жас. Бабаларымыз «он үште отау иесі» деп бекер айтпаса керек. Осы жасында-ақ оң-солын танып, ақыл-ойы жетіліп, керек десеңіз қол бастайтын да, сөз бастайтын да қабілеттерімен көзге түсті емес пе? «Біз, қазақ, ежелден мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз», деп, қалың қазақтың атынан сөз алып, қалмақ қонтайшысын қайран қалдырған Қазыбек би сол уақытта он төрт жаста еді. Үш жүздің басын қосқан Абылай хан да жастайынан ерлігімен танылды. Сөйтіп, «Білекке сенген заманда, ешкімге есе бермедік, білімге сенген заманда, қапы қалып жүрмелік», деп, бізге, кейінгі ұрпағына ұлағат айтып, өсиет қалдырып кетті. Ал, бүгінгідей бой емес, ой жарыстыратын заманда да қатарынан озып туған отты жастар аз емес. Елордада өткен Жастар жылының ресми ашылу салтанатында сөз алған Абзал Мырзаштың жасы он үште екен. Компьютердің пернетақтасын қазақ-латын әліпбиіне икемдеп шығарған ол бүгінде қазақ-британ университетінде оқитынын естіп, он үштегі студенттің ғылым мен білім бәсекесіндегі ұмтылысына ерекше сүйсіндім. Азаттығымыздың айғағы, тәуелсіздігіміздің жемісі осындай болса керек деп ой түйдім. Алуан салада ауыз толтырып айтарлық жетістіктері бар басқа да замандастарымның сөздерін зор ықыласпен тыңдап, ұтымды ұсыныстарына риза болдым.

Жасыратыны жоқ, бәрінен бұрын, Елбасы не айтар екен деп елеңдеп отырдым. Әдетте осындай басқосулар барысында бір-бірімізден сүйінші сұрайтын бастамаларды көтеріп, «жаман үйретіп» қойғаны бар. Бұл жолы да солай болды. Күн тәртібінде күйіп тұрған көп мәселенің түйіні тарқатылды. Бірінші кезекте баспана жайы сөз болды. Жалпы, жастарға тұрғын үй көмегін беруге биліктің білек сыбана кірісетін уақыты әлдеқашан жетті. Сағыздай созудың қажеті жоқ! Қазірдің өзінде жас мамандарды, жас отбасыларды әлеуметтік қолдаудың тиімді тетіктері бар екені рас. Бірақ, ол бағдарламалар баспана мәселесін толық шешуге қауқарсыз болып отыр ғой. Бүгінгі шарада еліміздің ірі қалаларында жас отбасыларға арналған кем дегенде 1000 пәтерлік жалдамалы тұрғын үйлер салу тапсырылды. Бұл бастама алғашында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында пилоттық жоба ретінде енгізілетін көрінеді. Керек дүние екені көрер көзге көрініп-ақ тұр ғой. Меніңше, бұл жобаны «қанатқақты» қылмай-ақ, бірден барлық аймақ қолға алса, керім болар еді.

Екіншіден, жұмыссыздық жайы айтылды. Бұл орайда Президент ұстанып отырған саясаттың жақтаушысымын. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан азаматтардың еңбекпен қамтылуы үшін не керектің бәрі жасалып жатыр. Әсіресе, ауылдағы ағайынның кәсіп ашып, қызмет қылуы үшін жеңілдетілген несиелер беру, оларды сұранысқа сай мамандықтарға оқыту жұмыстары жыл сайын жанданып келеді. Елбасы бұл істі одан әрі ілгерілетіп, «Жас маман» деген жоба аясында бірізділендіруді тапсырды. Әрі ауыл азаматтарының жаңа мамандық игеріп, ауылдық жерде тұрақтауына көңіл бөлу керектігі айтылды. Енді «аспаннан киіз жауса да, жалқау ұлтараққа жарымайды» деген сөзге қалғанымыз жарамайды. Ізденіс қажет-ақ. Арманды ақиқатқа айналдыру үшін тынымсыз еңбек етуіміз керек. Кәсіптің қисынын табу маңызды. Көп ұзамай, табиғатпен тілдесіп, туризмнің тамырына қан жүгіртетін ауыл азаматтары да көбейеді деп ойлаймын.

Жас мамандарды ауылға тарту мақсатында қолға алынған «Дипломмен ауылға» бағдарламасының қатысушылары үшін бір жолғы көтерме жәрдемақы көлемі 70 айлық есептік көрсеткіштен 100 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылатын болды. Бұл өзі бір жақсы жоба. Тұрғын үйге мұқтаж талай жас өзі өмірде аяқ баспаған ауылдарға барып, мемлекет қамқорлығына кенеліп, үйлі болып жатыр. Өзі тұратын шаңырақты әкесінен сатып алып, бағдарламаның «шарапатын» сезінгендерді де көз көріп, құлақ естіді. Әттеген-айы сол, соңғы уақытта бұл бағдарлама да сұйылып кетті. Қаражаттың тапшылығынан кезектің жылжуы бәсеңдеген. Ал, республикалық, облыстық трансферт болмаса, жас мамандардың тұрғын үй несиесін қаржыландыруға аудандық бюджеттің әлі жетпейтіні әу бастан белгілі. Ал, жастар үшін бұл бағдарламаның баянды болғаны керек.

Студенттердің жағдайы мемлекет басшысының ұдайы назарында. 5 әлеуметтік бастамасының біреуін студенттерге арнап, оларды жатақханамен қамтуға зор көңіл бөлді. Біздің аймақта да бұл бағытта ілкімді істер бар. Ұрпақтың алаңсыз білім алуы үшін қыруар жұмыс атқарылып жатыр. Ірілі-ұсақты іс-шаралардың басы-қасында жүретін ерікті жастардың еңбегін Елбасы ерекше атап өтті. Волонтер студенттерге шәкіртақыны 30 пайызға өсіру туралы айтқаны жастық жігерін жақсы істерге жұмсап жүрген белсенді студенттерге жаңаша серпіліс бергені анық.

Қазір елімізде жоғарыда мысалға алған Абзал сияқты өнертапқыштар көбейіп келеді. Оларды мемлекет алақанында ұстау керек. Тың идеяларын, пайдалы ойларын шет ел аспай-ақ орындай алатын мүмкіндік берілуі қажет. Бұдан былай жас ғалымдардың қолданбалы ғылыми зерттеу жұмыстарын қаржыландыру үшін жыл сайын 3 млрд теңгенің бөлінуі – осы бағытқа бастайтын құтты қадам деп түсінемін. Материалдық қолдау өз деңгейінде болса, айдай әлемнің ауызын аштыратын тың дүниелерді қазақтың қара баласы да ойлап табатынына күмән жоқ. Әйтпесе, көбісі санасы жеткенге, шамасы жетпей жүр ғой.

Бәрі ғалым болу міндетті емес. Ізденген адамға қазір кәсіптің түрі көп. Бизнестің қыр-сырын биліктің қолдауымен арнайы ұйымдар да үйретіп жүр. Бүгін мемлекет басшысы жас кәсіпкерлерді тағы бір қуантты. Оларға берілетін грант мөлшерін екі есе ұлғайтуды тапсырды. «Стартаптарды қолдау қорын» құру қажеттігін айтып, оған 32 млрд теңге бөлуді бұйырды. Қысқаша қайырғанда, төңірекке тартымды жақсы жобаң болса, оны жүзеге асыруға дәрменді екеніңді дәлелдесең, қаражаттан қысылмауға болады.

Жас буын өкілдеріне алдағы уақытта да қамқорлық кемімейтінін айтқан Президентіміз ұрпақ тәрбиесі туралы да ой-толғамдарын ортаға салды. Әке-шешеге құрмет, ерлі-зайыптылардың өзара сыйластығы сияқты адам бойындағы ізгі қасиеттерді сөз етті. Шындығына келгенде, біз, жастар – ата-ананың арын асқақтататын да, зарын қақсатататын да өзіміз. Бүгін жастар форумында сөз алған замандастарымыз жарқырап шығып, Ұлы дала елінің өркендеуіне өз үлесімді қоссам екен деп тырысып-ақ жатыр. Ал, біріміз әлеуметтік желіде әуретті жерімізді жарнамалап, кішіге әлімжеттік жасағанымызды көрсетіп, аяқты аспанға көтерген күйі ананы-мынаны бір сынап, атағымызды шығарғымыз-ақ келеді. Бір жақты қараудан аулақпын, сауатты сын айтылса билік те бұқпай, қанжарын тықпай қабылдауы керек. Сонда билік пен халық арасындағы сенімге селкеу түспейді. Ал, бүгінгі Жастар жылының ресми ашылуында шынайылық басым болғанына қуандым. Ұлт көшбасшысы біздерді, жастарды толғандырған барлық мәселені бүкпесіз айтып, реттеп түйінін тарқатты. Баянды болғай дейміз. Жастар жылы жемісті болсын! Тарихты тұлпарларының тұяғымен жазған бабаларымыздың Ұлы аманатына адалдық танытып, Ұлы дала елін дамыту жолында әрқайсымыз аянбай тер төгейік!

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
112 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
332 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
818 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1195 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1112 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1555 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2170 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2338 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2344 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2394 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2397 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2029 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2879 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2932 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2928 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3538 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3510 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3496 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3475 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3636 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3682 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»