ЖАҚСЫ ТҰРМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ КӨЗІ – ЖҰМЫС
Астанада өткен Жастар жылының ашылуына арналған жиында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев ірі қалалардағы жас отбасылардың тұрғын үй проблемаларының өзектілігін атап өтіп, бұл мәселені шешу үшін тұрақты кіріс болу керектігін, сондай-ақ, адамның жақсы тұрмысының негізгі көзі – жұмыс екенін айтты.

Президент атап өткендей, Үкімет алдымен жұмыс жасайтын жастар үшін Астана, Алматы және Шымкент қалаларында кемінде бір мың пәтердің құрылысын қамтамасыз етуі керек. Бұл пәтерлер арендалық тұрғын үй санатымен берілуі тиіс. Осы мәселені шешуге «7-20-25» бағдарламасы да бағытталатын болады. Сондай-ақ жас қызметкердердің тұрғын үй мәселесін шешуге меншік түріне қарамастан барлық кәсіпорындар атсалысуы керек.
– Жастар – еліміздің қазіргі әлемдегі бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы. Қазақстанның болашағы сіздерге – сіздердің білімдеріңізге, күш-жігерлеріңіз бен патриоттық сезімдеріңізге байланысты. Қазір қолға алынған жұмыстардың бәрі сіздердің бақытты өмірлеріңіз, сондай-ақ өз әлеуеттеріңіз бен мүмкіндіктеріңізді толық жүзеге асыра алу үшін атқарылып жатыр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы әлемдік статистиканы тілге тиек етіп, ХХ ғасырға тән «отбасы немесе жұмыс» дилеммасы келмеске кеткенін, үйде отырып-ақ жұмыс жасауға болатынын айтты.
– Бүгінде әлем бойынша 18 бен 30 жас аралығындағы 300 миллион жастың тұрақты жұмысы жоқ. Дегенмен, ғалымдардың болжамынша, 2050 жылға қарай қазіргі мамандықтардың жартысы жасанды интеллектпен алмасады. Бұл – саудагерлер, call-орталық мамандары, заңгерлер мен экономистер. Жасанды интеллект алмастыра алмайтын «күрделі» саналатын мамандықтарға ғана сұраныс қала бермек. Оның қатарында – ғалымдар, топ-менеджерлер, мәдениет қызметкерлері, IT саласының топ мамандары жоғары санатты дәрігерлер бар. Сонымен қатар мейірбике, бала күтуші, әлеуметтік қызметкерлер және басқа да «қарапайым» мамандықтар сақталады. Қазір үй немесе жұмыс дейтін заман емес. Қашықтан жұмыс немесе жеткізу қызметтерінің дамуына байланысты үйде отырып-ақ жұмыс жасауға болады, – деді Нұрсұлтан Әбішұлы.
сурет http://www.akorda.kz сайтынан алынды
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу