«ӨСУ ВЕКТОРЫ»: гуманитарлық пән мұғалімдерінің басын қосты
Батыс Қазақстанда «ӨСУ ВЕКТОРЫ» мектебінің қоғамдық-гуманитарлық пән мұғалімдеріне арналған кезеңі басталды.

Бүгін Орал қаласының «Оқушылар сарайы» қосымша білім беру орталығы базасында кәсіби шеберлігін арттыру, білім оқыту үдерісіндегі өзгерістерді енгізудің тиімді жолдарын табу және нәтижеге бағытталған жұмыстарды жүргізу, «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын тәрбие үрдісінде жүзеге асыру, озық педагогикалық идеялар мен «Назарбаев зияткерлік мектебі» тәжірибелерін жалпы білім беретін мектептерге енгізу мақсатында «ӨСУ ВЕКТОРЫ» мектебінің қоғамдық-гуманитарлық пән мұғалімдеріне арналған кезеңі басталды. Ашылу салтанатында Білім басқармасының басшысының орынбасары З.Ғұмарова құттықтау сөз сөйлеп, мектеп жұмысына сәттілік тіледі.

Мектеп жұмысына облыстың жалпы білім беретін мектептерінің қоғамдық-гуманитарлық пән мұғалімдері қатысуда. Мектептің жұмысы барысында пән мұғалімдерін кәсіби тұрғыдан дамыту, білім беру мазмұнын жаңарту, ұстаз танымы, білім берудегі цифрлық сауаттылық, әлеуметтік желідегі ұстаз мәдениеті, т.б. мәселелер қарастырылады. Шара үш күн бойы Оқушылар сарайында өтеді.
Пән мұғалімдері Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің директоры С.Бахишева, М.Өтемісов атындағы БҚМУ тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.Жақсығалиев, өлкетанушы Ж.Ақбай, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ардагер-ұстаз Ш.Х.Құрманалина, Облыстық техникалық шығармашылық орталығының директоры Ж.Шонбаев, Еңбек ардагері Р.Бисенғалиқызымен, «Жайық Пресс» медиахолдингінің ақпарат бөлімінің жетекшісі журналист Н.Рахмановпен, ақын, тележүргізуші М.Балмолдамен кездесіп, білім саласындағы жаңашыл идеяларымен ой бөлісіп, практикалық тұрғыда жұмыстанады.
Мектеп жұмысының қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификат беріледі.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу