Премьер-министрдің төрағалығымен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөнінде ВАК отырысында көші-қон жағдайы қаралды
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысын өткізді. Жиын барысында еліміздегі көші-қон жағдайы және оны реттеу шаралары қаралды. Шетелдіктердің келуін бақылау және заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ішкі істер министрі Ержан Сәденов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев көші-қон саясатын жетілдіру және көші-қон процестерін реттеудің жаңа тетіктерін енгізу туралы ақпарат берді.
Кеңес барысында Премьер-министр көші-қон мәселелері нақты әрі түсінікті реттеуді талап ететінін атап өтті.
«Қазақстан шетелдік жұмыс күші үшін тартымды ел бола түсуде. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстанды талантты адамдарды тартатын, яғни білімді әрі ауқатты адамдар жұмыс істеуге, бизнес жасау үшін келетін орынға айналдыру міндетін қойып отыр. Бұл көші-қон саясаты мәселелеріне жаңа көзқараспен қарауды талап етеді. Біз бұл салада тәртіп орнатып, барлық мүдделі тараптарға түсінікті нақты «ойын ережелерін» орнатуымыз керек», — деп атап өтті Премьер-министр.
Еңбек министрлігіне Экономика, Ішкі істер, Сыртқы істер министрліктері, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстанға сұранысқа ие мамандарды тарту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу тапсырылды. Мәдениет және ақпарат министрлігіне Сыртқы істер министрлігі және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы бағытта белсенді үгіт-насихат науқанын жүргізу тапсырылды.
Көші-қон саласында тәртіп орнату мақсатында бірқатар шара қабылдануда. Атап айтқанда, қызмет көрсету үшін де, құқық бұзушылықтарды анықтау үшін де қолданылатын ЖИ технологиялары арқылы заманауи цифрлық шешімдер енгізілуде. Тұрақты тұруға рұқсат алуға қойылатын талаптар күшейтілді. Заңға бағыну мінез-құлық қағидаты енгізілді, оған сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтардың, оның ішінде жол қозғалысы ережелерін бірнеше рет бұзу және қылмыстық теріс әрекеттердің болуы тұрақты тұруға рұқсат алуда бас тартуға негіз болады. Сонымен бірге өтініш берушілердің қаржылық тұрақтылығына және олардың қоғамға интеграциялануына қойылатын талаптар күшейтілді. Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша, биыл елімізде шетелдіктер заңдастырылған 5 заңсыз көші-қон арнасы жойылды.
Сонымен қатар жеңілдетілген тәртіппен азаматтыққа өтініш беру кезінде қос азаматтық алуға байланысты тәуекелдер мәселесін шешу үшін Ішкі істер министрлігі мүдделі органдармен бірлесіп, реттеудің қосымша тетіктерін, оның ішінде скоринг, тестілеу және өңірлік бөлу элементтерін сынақтан өткізуде. Жұмыспен қамтудың цифрлық платформалары қызметін реттеу қажеттігіне ерекше назар аударылды.
Премьер-министр әкімдіктер «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жұмыс берушілер арасында шетелдік жұмыс күшін тартуға өтініштерді уақтылы беру мәселелері бойынша тұрақты түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет екенін атап өтті. Еңбек министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, платформалық жұмыспен қамту саласындағы агрегаторларды шетелдік жұмыс күшін тарту қағидаларын сақтауға міндеттейтін шаралар қабылдау тапсырылды.
Премьер-министр еңбек көші-қонын реттеудегі экономикалық кедергілерді жою қажеттігін айта келе, алымдар мен айыппұлдар арасындағы теңгерімсіздікке байланысты жұмыс берушілерге жұмысшыларды заңды түрде рәсімдегеннен гөрі айыппұл төлеу тиімдірек екенін атап өтті.
Сонымен қатар жұмыспен қамтудың жеке агенттіктері қызметін реттеу, оның ішінде Бірыңғай мемлекеттік тізілім құру және нарыққа қолжетімділік өлшемшарттарын енгізу жөніндегі шаралар қосымша пысықталуда. Сондай-ақ шетелге шығатын Қазақстан азаматтарын бақылау жүйесі енгізілуде, бұл алдын алу шараларының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Пәтерлерде нақты тұрмаса да адамдарды жаппай тіркеу мәселелері көтерілді. Астана қаласында тіркеу нормасы бойынша шектеу енгізілген – отбасы мүшелерін қоспағанда, бір адамға кемінде 15 шаршыметрден келуі тиіс. Ішкі істер министрлігіне мұндай тәсілдерді өңірлерде де енгізу ұсынылды. Уәкілетті органдарға үшінші тұлғаларды жалған тіркеуден бас тарту құқығын беру ұсынылады. Жыл сайын 8 мыңға жуық жылжымайтын мүлік иесі азаматтарды жалған тіркегені үшін ұсталады.
Мекенжайларды тіркеу кодтарының (МТК) дұрыс берілмеу мәселесі атап өтілді, яғни іс жүзінде тұтас тұрғын кварталдарына бір ғана код берілуі салдарынан халықты есепке алу деректері бұрмаланып, бұзушылықтарды анықтау қиынға соғуда.
Сондай-ақ барақ үлгісіндегі жалға берілетін тұрғын үйлердің бақылаусыз жұмыс істеуі мәселесі көтерілді. Мұндай нысандар ресми түрде тіркелгенімен, іс жүзінде жатақхана ретінде пайдаланылып, бұл құқықтық тәртіп тұрғысынан да, инфрақұрылымға да жүктеме түсіруде.
Ішкі істер министрлігіне Әділет және Жасанды интеллект министрліктерімен бірлесіп, «көлеңкелі» қызмет көрсететін тұрғын үй иелерінің құқықтарын шектеу үшін цифрлық тосқауылдар белгілеу бойынша ұсыныстар қарастыру тапсырылды. Өңірлер әкімдері жалға беру үшін тұрғын үйдің барак үлгісіндегі объектілерді ретке келтіру және жылжымайтын мүлік объектілерінің тіркеу кодтарына ревизия жүргізу тапсырылды.
Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру