8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Сәуір 2026 38 0
Без рубрики

Батыс Қазақстан облысында 150 студент киберволонтерлер қатарына қосылды

Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті «Заң және Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Цифрландыру басқармасымен бірлесіп, киберволонтерлікті дамытуға бағытталған ауқымды бастаманың ресми түрде іске қосылғанын жариялады.

Global data security, personal data security, cyber data security online concept illustration, Internet security or information privacy & protection idea, software access data as confidential, abstract hi speed internet technology. Rendering flat isometric illustration isolated on blue background.

Жоба 17 сәуір күні өңірлік IT-хаб — Batys Hub алаңында бастау алып, қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі — интернет-алаяқтыққа қарсы күресте жаңа кезеңнің басталғанын көрсетті.

Аталған бастама республика көлемінде алғаш рет жүзеге асырылып отырған бірегей жоба болып табылады. Оның негізгі мақсаты — креативті, белсенді әрі цифрлық сауатты жастарды біріктіру арқылы қауіпсіз онлайн-орта қалыптастыру, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру және интернет-алаяқтықтың алдын алу.

Іс-шара барысында студенттер мен жас блогерлер жобаға жоғары қызығушылық танытып, киберқауіпсіздік саласында өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін білдірді. Белсенді жастардың қатысуы бастаманың болашағы зор екенін айқындайды.

Алдағы уақытта киберволонтерлік қозғалыс жаңа форматта дамиды. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары күшейтіліп, цифрлық кеңістікте қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жаңа жобалар мен интерактивті форматтар іске қосылады. Сонымен қатар, жастардың қатысуымен әлеуметтік желілерде профилактикалық контенттер әзірленіп, киберқылмыстың алдын алуға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізіледі.

Бұл бастама тек өңірлік деңгейде ғана емес, болашақта республика көлемінде кеңінен таралатын ірі қозғалыстың бастауы болмақ.

Шараға 150-ге жуық студент қатысып, барлығы полицияның қоғамдық көмекшісі болуға ниет білдірді.

Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция полковнигі Артур Мусагалиев бастаманың маңыздылығын атап өтіп, киберволонтерлердің қоғамдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі ерекше екенін жеткізді.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Оралдан Ыстамбұлға тікелей рейс ашылуда
17 Сәуір 2026
126 0
Мезгіл мәселесі
Құрылыс сапасы қатаң бақылауда
16 Сәуір 2026
464 0
Құттықтаймыз!
Қазақ әдебиетінің жарқын келешегі
15 Сәуір 2026
526 0
Ғылым
Ғылыми мүмкіндіктер әлеуеті
12 Сәуір 2026
382 0
Таза Қазақстан
Тазалық – ортақ міндет
11 Сәуір 2026
418 0
Қалалықтар қаперіне
Құрылыс қарқыны артып келеді
10 Сәуір 2026
451 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»