8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Сәуір 2026 4835 0
Мәслихат жаршысы

Мәслихат сессиясында өзекті мәселелер қаралды

Бүгін өткен Орал қалалық мәслихатының кезектен тыс 27-сессиясында 2026 жылға арналған қалалық және кенттер мен ауылдық округ бюджеттерін нақтылау, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.

Алғашқы мәселе бойынша Орал қалалық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы А. Қадыров баяндама жасады. Оның айтуынша, қалалық бюджет 5,2 млрд теңгеге ұлғайтылып, қаржы әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын субсидиялауға, Зашаған кенті мен Ақжайық шағынауданындағы инженерлік желілер мен абаттандыру жобаларын аяқтауға, сондай-ақ Ақжайыққа дейінгі көпір құрылысына бағытталмақ. Сонымен қатар Круглоозерное, Зашаған, Желаев және Деркөл кенттерінің бюджеттері де 163 млн теңгеге көбейтіледі.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Орал қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Е. Каримов баяндады. Ол әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына енгізілетін өзгерістер республика бойынша төлемдерді біріздендіруге бағытталғанын айтты. Жобаға сәйкес, мерекелік төлемдер біріктіріліп, күнкөріс минимумы республикалық деңгейде белгіленген мөлшермен есептеледі.

Әлеуметтік мәні бар аурулар тізбесінен шығарылған кейбір диагноздар бойынша төлемдер тоқтатылып, онкологиялық ауруларға байланысты көмек алушылар санаты нақтыланады. Бұл өзгерістер қосымша шығынды қажет етпейді. 2026 жылға әлеуметтік көмекке 764 млн теңге бөлініп, оның 283 млн теңгесі 1 сәуірге дейін игерілген.

Сессияда қабылданған шешімдер Орал қаласының инфрақұрылымын дамытуға, бюджет қаражатын тиімді бөлуге және әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіруге бағытталды.

Дәметкен Сағынбай,
«Жайық үні»

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
59 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
110 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
149 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
409 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
429 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»