8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Қаңтар 2019 2001 0
Қалалықтар қаперіне

ПІКІРІҢІЗ МАҢЫЗДЫ, КӘСІПКЕР! «АТАМЕКЕН» САУАЛНАМА ЖҮРГІЗЕДІ

 «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан бойынша барлық бизнес-субъектілер арасында сауалнама жүргізудің басталғанын хабарлады.

Бизнес арасында жүргізілетін сауалнаманың басты мақсаты мен кезеңдері туралы бүгінгі өткен  баспасөз-маслихатында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев толығырақ тоқталып өтті.

Эльдар Жұмағазиев атап өткендей, «Атамекен» 5 жыл бұрын алдына мақсат қойған – ол бизнестің Үкіметпен жақсы қарым-қатынасын қамтамасыз ету болатын. Соған байланысты барлық өңірлерде кәсіпкерлер палатасы, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары құрылды. Бұл бағытта айтарлықтай жұмыс жүргізілген. Сондай-ақ,  елде әртүрлі деңгейдегі, саладағы 1000-ға жуық бизнес-қауымдастықтың пікірін   «Атамекен» арқылы жүйелеп әрі саралап ортақ ұстанымды  Үкіметке  ұсынуға мүмкіндік туды.

«Ұлттық кәсіпкерлер палатасына бизнестің түйткіліне қатысты кәсіпкерлерден келіп түскен 25 мыңнан астам арыз-шағымның 40 пайызы оң шешімін тапқан. Жыл сайын кәсіпкерлікке қатысты заң жобалары, нормативтік-құқықтық актілер сараптамаға келіп түседі, осы бағытта бизнес-қауымдастық пен «Атамекен» ұсынысының 73 пайызын Үкімет қабылдады. Тағы бір атап өтетіні, 5 жылда «Атамекен»  800 мыңға жуық бизнеске сервистік қызмет көрсеткен. Осы аралықта Үкімет пен бизнес арасында тығыз қарым-қатынас орнатылды», – деп, мәлімдей келе Эльдар Жұмағазиев «Атамекеннің» алдағы мақсатына тоқталды.

 

ПІКІРІҢІЗ МАҢЫЗДЫ, КӘСІПКЕР!

Басқарма Төрағасының орынбасары «Атамекеннің» ендігі мақсаты – әр кәсіпкермен, ал бастысы шағын бизнеспен тікелей байланыс орнату  екенін атап айтты. Елде 1 миллион 200 мыңға жуық кәсіпкер бар.  Дегенмен, қазіргі уақыттағы мәліметтер базасында толық дерек жоқтың-қасы. Ал әр кәсіпкердің жеке түйткілді мәселелерін, әр кәсіпкердің пікірін білу, қажеттілігі мен сұранысын айқындау үшін ең алдымен қажеттісі – ол мәлімет. Сол бағытта  «Атамекен» ел ауқымында кәсіпкерлерді  сауалнамаға қатысуға шақырады.

300-ден астам «Атамекен» қызметкері алты ай аралығында еліміздің әр кәсіпкерінің пікірін біліп,  сауалнама жүргізуге  атсалысады.
«Атамекен» базасындағы 480 мың кәсіпкерге бүгіннен бастап арнайы СМС-хабарлама жіберілетін болады.  Сауалнама екі кезеңде жүргізіледі. Бірінші кезең – телефон арқылы 4 сұрақтан тұратын сауалнама. Сауалнаманың екінші кезеңінде «Атамекен» қызметкерлері бизнес-объектілеріне барып, кәсіпкерлермен жеке сұхбаттасу өткізуді жоспарлап отыр.

«Сауалнама аясында жиналған ақпарат Ұлттық кәсіпкерлер палатасы филиалдарының жұмысын күшейту мақсатында барынша бірегей мәлімет болмақ. Осыған байланысты кәсіпкерлер сауалнамаға барынша атсалысып,  қолдау көрсетеді деген үміттеміз», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев. 

Сондай-ақ,  Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мамандары сауалнама аясында кәсіпкерлердің  Аtameken Services порталына тіркелуіне көмектесіп, тегін сервистік қызмет түрлерімен таныстырады. Порталда 60-тан астам онлайн режимде берілетін пайдалы және тегін қызмет түрлері шоғырланған. Бұл қызмет түрлері кәсіпкерлер сұранысын ескере отырып, төрт басты бөлікке жинақталған.

Осылайша, кәсіпкерлер Аtameken Services  арқылы бір өтінім бере отырып, еліміздің барлық қаржы институттары мен банктеріне несие алуға тапсырыс жасап, онлайн арқылы оқу курстарынан өтіп, түйткілі туралы ақпарат бере алады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
240 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
246 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
534 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
1005 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1382 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1238 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1740 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2359 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2522 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2529 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2581 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2585 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2153 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
3063 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3118 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3109 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3730 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3692 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3683 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3658 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3818 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»