8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Наурыз 2026 263 0
Оқиға

16 қылмыс ашылып, 35 адам ұсталды

Батыс Қазақстан облысында ағымдағы жылғы наурыз айының 10-13 күндері аралығында қоғамдағы құқық бұзушылықтың жолын кесу, тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелердегі және басқа да қоғамдық орындардағы қылмыстардың алдын алу бағытында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Аталған іс-шараның екі күнінің нәтижесі бойынша 16 қылмыс ашылып, алып жүруге тыйым салынған заттарымен 35 адам ұсталды, олардан 16 үшкір-кескіш зат, 17 атыс қаруы, 242 дана оқ-дәрі тәркіленді.
Іздеуде жүрген 4 қылмыскер ұсталды.
Жалпы 632 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді, соның ішінде 7 ұсақ бұзақылық (ӘҚБтК-нің 434-бабы), қоғамдық орында мас күйде болу немесе спирттік ішімдік ішу – 87 (ӘҚБтК-нің 440-бабы), шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін – 9 (ӘҚБтК 517-бабы бойынша), сондай-ақ көлік құралын алкогольдік мас күйде басқарғаны үшін (ӘҚБтК 608-бабы) — 7 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.
Аталған бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасады.
БҚО ПД баспасөз қызметі.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
46 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
261 0
Құттықтаймыз!
Мемлекеттік наградалар табысталды
21 Сәуір 2026
599 0
Құттықтаймыз!
Жаңа кітаптың тұсауы кесіледі!
21 Сәуір 2026
315 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»