ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖОЛДАН ТҮСІП КЕТКЕН
Ауа-райының бұзылуы көліктер қозғалысына қиындық келтіруде. Әсіресе жүк көліктері жолдан түсіп кетіп жатқаны түсірілген бейнелер әлеуметтік желілер арқылы таралуда. Кеше, 14 қаңтар күні БҚО төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы орган қызметкерлері Батыс Қазақстан облысы аумағынының тұсында қиындыққа тап болған шетелдік жүк көліктеріне көмек көрсетті.

Батыс Қазақстан облысы ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобының хабарлауынша, 14 қаңтар күні сағат 16.40-та «Орал-Атырау» трассасының 153 шақырымында, яғни Мерген ауылы аумағында БҚО ТЖД (1 қызметкер) және аудандық әкімшілік (11 жұмысшы және 2 бір. техника) күштері арқылы кюветке (жолдың жанына) түсіп кеткен Түркия азаматына тиесілі «Iveco» жүк көлігі автожолдың тазартылған бөлігіне шығарылған.
Дәл осы күні, дәлірек айтқанда сағат 17.22.-де «Самара-Шымкент» автотрассасында 350 шақырымында, Сырым ауданының тұсында автожолдан кюветке (жолдың жанына) түсіп кеткен Қырғызстан Республикасының азаматына тиесілі DAF жүк автокөлігі автожолдың тазартылған бөлігіне шығарылды (салонда 1 адам болған. Медициналық көмекке зәру емес). Оқиға орнында БҚО ТЖД (2 қызметкер, 1 бір.техника), «Қазавтожол» ЖШС (3 адам 1 бір.техника) жұмыс істеді.
Сол күні кеште, яғни сағат 22.45-те Ақжайық ауданы «Орал-Атырау» автотрассасының 288 шақырымында Атамекен және Ақсуат ауылдарының арасында БҚО ТЖД «ЖҚЖ» ММ (11 жұмысшы және 2 бір.техника), «ӨС ж АҚЖҚ» ММ (4 қызметкер және 1 бір. техника), аудандық әкімшілік (3 адам және 2 бір. техника) күштері арқылы кюветке түсіп кеткен Өзбекстан Республикасының азаматына тиесілі DAF жүк а/м автожолдың тазартылған бөлігіне шығарды.
Құтқарылғандар қатарында болған Өзбекстан Республикасының азаматы Мирзакул Рахматиллоев ТЖ және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне жедел көмектері үшін шынайы алғысын білдірді.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу