8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Желтоқсан 2025 1067 0
Білім

Тәуелсіздік – елімнің шамшырағы

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында мектеп кітапханасында мерекелік шаралар өткізілді. Соның ішінде 7-сыныппен ұйымдастырылған «Тәуелсіздік – елімнің шамшырағы» таным сағатында оқушылар осы күннің қандай ерлікпен келгенін әңгімелеп, «Тәуелсіздік тарихы» атты тест сұрақтарын орындады.

Сынып жетекшілері Айнагул Кубаевна мен Қатира Құрбанқызының оқушыларымен әзірлеген мәнерлеп оқу сайысы да таным сағатының мәнін ашты.

Мақсаты – Қазақты Тәуелсіздігі туралы айту арқылы оқушылар бойында еліне, жеріне ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру, елімізге тәуелсіздіктің оңай жолмен келмегенін, тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіндіру.

Шара дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылы Желтоқсан оқиғасына арналды. Ағымдағы жылы Желтоқсан оқиғасына 39 жыл толуда. Осы аралықта көптеген деректердін көздері ашылып, бұл оқиға түрліше айтылды. Желтоқсан оқиғасы әркімнің жанында, тарихи ғасыр жылнамасында мәңгілік жазылып қалды.

Тәуелсіздік – біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Тәуелсіздік ата-бабаларымыздың асыл арманы, мақсат-мұраты еді. Ол күнге жетіп отырған өзімізді бақыттымыз деп есептейміз.

Гүлім ЕРМҰХАНБЕТОВА,
Круглоозерный ЖОББМ кітапханашысы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
24 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
78 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
47 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
270 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»