«Байтақ» партиясының конференциясы өтті

Бүгін Достық үйінде Қазақстан Республикасының «Байтақ» жасылдар партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының ІІІ конференциясы өтті.
Жиынға «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев, партияның белсенді мүшелері, саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, жастар мен БАҚ өкілдері қатысты. Конференция барысында өңірдегі экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған негізгі басымдықтар талқыланып, 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Сонымен қатар партияның БҚО филиалына жаңа төраға, хатшы және саяси кеңес құрамының мүшелері тағайындалып, ұйымның өңірдегі қызметін күшейтуге бағытталған кадрлық өзгерістер жүзеге асырылды.
Аталмыш партияның төрағасы Азаматхан Сайлауұлы сөз сөйлеп, партияның қазіргі қызметі мен жоспарларына тоқталды.
– «Байтақ» жасылдар партиясы 2022 жылдың 28 қарашасында ресми түрде тіркелді. Биыл партияға үш жыл толып отыр. Барлық облыстарда бөлімшелер ашылды, қазір аудандық құрылымдар кеңейіп келеді. Еліміз бойынша 30-ға жуық мәслихат депутаты бар. Келесі кезең – әр ауылда қоғамдық қабылдау ашу. Партия әйел көшбасшылығын дамытуға ерекше көңіл бөліп, Әйелдер кеңесін құрды. Бүгін Оралдың орман шаруашылығымен таныстық. Бұл салада 700-ге жуық адам жұмыс істейді, 7 мекеме бар екен. Жұмыс қарқыны көңіл қуантады, – деді ол өз сөзінде.
Конференцияда мандаттық дауыс беру арқылы партияның Батыс Қазақстан облысындағы филиалының төрағасы болып Тұрсынбек Байтеміров бірауыздан сайланды. Оның кандидатурасы делегаттар тарапынан қолдау тауып, жаңа басшыға өңірдегі экологиялық саясатты дамыту мен ұйым жұмысын жандандыру міндеттері жүктелді.
«Жайық үні»
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру