8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Қараша 2025 1009 0
Оқиға

“Учаске” ЖПШ: БҚО-да құрылыс саймандарын ұрлаған күдіктілер ұсталды

БҚО-да “Участке” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында құрылыс құрылыс саймандарын ұрлаған күдіктілер ұсталды.

Батыс Қазақстан облысында өтіп жатқан республикалық “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы қылмыстың алдын алуда және тұрғындармен тығыз байланыс орнатуда нәтижелі болып отыр. Бұл іс-шара учаскелік полиция инспекторларының халықпен тікелей жұмысын күшейтіп, құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.

Осы жұмыстың аясында криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық фактісінің бетін ашты. Полицияның мәліметінше, екі азамат шаруа қожалығының аумағына заңсыз кіріп, бірнеше құрылыс құралын ұрлаған.

Тергеу барысында олардың шарқайрақ, дәнекерлеу аппараты, ауа компрессорсы және екі аккумуляторды алып кеткені анықталды. Келтірілген шығын көлемі — 400 мың теңге. Сондай-ақ, тергеу күдіктілердің басқа да ұрлық деректеріне қатысы болуы мүмкін екенін көрсетіп отыр, ұсталғандар — Тасқала және Теректі аудандарының тұрғындары.

Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда.

БҚО ПД Баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
44 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
256 0
Құттықтаймыз!
Мемлекеттік наградалар табысталды
21 Сәуір 2026
594 0
Құттықтаймыз!
Жаңа кітаптың тұсауы кесіледі!
21 Сәуір 2026
310 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»