8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Қазан 2025 1301 0
Оқиға

БҚО-да ипотекамен тұрғын үй алуға көмектесемін деп уәде берген күдікті әйел ұсталды

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері азаматтарды алдап келген 34 жастағы күдікті әйелді ұстады. Ол бұған дейін банк саласында жұмыс істеген және тұрғындарға ипотекалық несие рәсімдеуге, тұрғын үй мен автокөлік сатып алуға көмектесемін деп сендіріп, олардың ақшасын иемденген деген күдікке ілінді.

Тергеу барысында күдіктіге қатысты алаяқтықтың 12 фактісі анықталды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Келтірілген жалпы материалдық залалдың көлемі 50 млн теңгеден асады.

Белгілі болғандай, жәбірленушілердің басым бөлігі – қаладағы жеке кәсіпкерлер. Кейбір жағдайларда күдікті автокөлік сатып алуға көмектесемін деп алдап, азаматтардың қаражатын иемденген.

Ең ірі эпизод облыс аудандарының бірінің тұрғынына қатысты: ол ипотека рәсімдеуге көмек көрсетемін деген желеумен күдіктіге 23 млн теңгеден астам қаражат берген. Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда.

❗️Полиция азаматтарды барынша сақ болуға шақырады. Егер сіз осындай жағдайға тап болсаңыз немесе ұқсас деректер туралы білсеңіз, полицияға дереу хабарласыңыз.

📸 БҚО ПД Баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
56 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
108 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
147 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
408 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
428 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»