8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Қазан 2025 1345 0
Оқиға

БҚО-да бопсалауға қатысы бар күдікті УҰИ-ға қамауға алынды

БҚО-да полиция жастар арасындағы қылмыстарды анықтау және жолын кесу жұмыстарын жалғастыруда.

Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жастар арасында жасалатын қылмыстарды анықтау және жолын кесу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Атырау облысының тұрғынының БҚО тұрғынына қатысты қылмыс жасағаны анықталды.

Анықталғандай, осы жылдың жаз айларында күдікті жәбірленушінің пәтерінде болған кезде, қорқытып, оның iPhone 15 телефонын иемденіп, қызды сол телефонды ломбардқа тапсыруға мәжбүрлеген. Барлық әрекет күдіктінің бақылауымен жүргізілген. 500 мың теңге көлемінде ақша алған соң, күдікті оқиға орнынан қашып кеткен.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жастар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу жұмыстары БҚО ПД басшылығының ерекше бақылауында және бұл бағыттағы жұмыс тұрақты түрде жалғасады.

БҚО Полиция басқармасының баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
60 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
111 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
150 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
410 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
430 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»