Қаламгерге құрмет көрсетті
Кеше «Атамекен» өнер ордасында облыстық «Орал өңірі» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы, жазушы-журналист, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Ұлттық құрылтайы мен облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі Бауыржан Файзоллаұлы Ғұбайдуллиннің «Биленбеген вальстің әуендері» атты шығармашылық кеші өтті.
КазМҰУ- де бірге оқыған жан досы Табыл Досымовпен сырласып, рухына тағзым етумен шымылдығы түрілген кеште Теректі ауданының өнерпаздары театрландырылған көрініс қойды. Кешті талантты ақын Бауыржан Шимерден тамаша жүргізді. Шараға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қ.Меңдіғалиев, облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Б.Атауов, «AMANAT» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы А.Сафималиев, ақын Ақұштап Бақтыгереева, жазушы Нұрдәулет Ақыш, «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы Ғабит Мүсіреп, «Парасат» журналының бас редакторы Сәкен Сыбанбай, сондай-ақ қаламгердің әріптестері, қоғам қайраткерлері мен оқырмандары қатысты.
Облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев аймақ басшысының арнайы құттықтауын жеткізді. Кеш аясында ақын Ақұштап Бақтыгереева мен жазушы Нұрдәулет Ақыш қаламгердің «Намыс найзағайы» кітабының тұсауын кесті. Ал Ғабит Мүсіреп пен Сәкен Сыбанбай бастаған ел ағалары жүрекжарды тілектерін арнады. Сондай-ақ Бәйтерек ауданының әкімі, ел азаматы Марат Тоғжанов Шағатай ауылында бірге өсіп, бірге оқыған Бауыржан сыныптасына ақ тілегін жолдады.
Сахна төрінде облыстық Қоғамдық кеңес төрағасы Б.Атауов құттықтау сөз сөйлеп, әріптестік лебізін білдірді. Сондай-ақ БҚО мәслихат хатшысы М.Мұқаевтың жылы ықыласқа толы Құттықтау хаты табысталды. Осы шарада жазушы алғашқы ұстазына да құрмет көрсетіп, гүл шоғын ұсынды. Ізін жалғаған ақын ұлы Алпамыс Файзолла өлең оқыды.
Бауыржан Ғұбайдуллиннің қаламынан туған «Күн-бала», «Жиһанкез», «Жаныма жақын жағалау», «Биленбеген вальс» сынды шығармалары оқырман жүрегінен берік орын алған. Әдемі әнмен, ғибратты әңгімемен өрілген бұл кеште қарымды қаламгерді, майталман журналисті, қоғам қайраткерін оқырман қауым бұрынғыдан да жақынырақ тани түсті.
Осынау шараның толық нұсқасын газетіміздің келесі санынан оқисыздар.
«Жайық үні»
Соңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру