8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Қыркүйек 2025 2019 0
Жалын

«Ауыл LIFE» жобасы Облыс жастары арасында дәстүрлі құндылықтарды дәріптеуді мақсат еткен «Ауыл LIFE» жобасы Серебряков ауылында өтті.

Жоба аясында жастар ауылдың күнделікті тұрмысымен танысып, ұлттық ойындар мен сайыстарға белсене қатысты.

Қой сою, ішек-қарын тазалау, арқан тартыс, аударыспақ, құрық салу және дөңгелек шөпті межеге жеткізу сияқты жарыстар үлкен қызығушылықпен ұйымдастырылды. Әрбір сайыс жастардың ептілігі мен шеберлігін шыңдап қана қоймай, ауыл еңбегінің мәнін ұғынуға мүмкіндік берді.

Қорытындысында Жасылдар командасы бірінші орынға ие болып, үздік нәтиже көрсетті. Қызылдар екінші орынды иеленсе, Сарылар үшінші орынға тұрақтады.

Жоба барысында қатысушылар тек жарысқа қатысып қана қоймай, ауылдың қонақжайлылығын сезініп, жаңа достар тапты. Әрбір ойын ауыл тіршілігінің ерекшелігін танытып, жастардың бойына еңбекқорлық пен бірлік құндылықтарын дарытты.

Мұндай жобалар алдағы уақытта да жалғасын тауып, жастардың мәдени әрі рухани дамуына серпін беретіні сөзсіз.

Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
35 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
105 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
140 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
406 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
426 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»