8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Қыркүйек 2025 1341 0
Мәдениет

Ескендірдің әндері мәңгі жасайды

Кеше, 26- шы қыркүйекте «Атамекен» өнер орталығында ҚР Халық әртісі, «Отан» орденінің иегері, әнші- композитор Е.Хасанғалиевтың шығармашылығына арналған XIII халықаралық «Атамекен» ән фестивалі қорытындыланып, марапаттау рәсімі мен гала концерт өтті. Аталмыш кеште БҚО әкімінің орынбасары Қ.Меңдіғалиев құттықтау сөз сөйледі. – Ескендір Өтегенұлының әндері жүрекке жетіп, талай алыптарды дүниеге әкелген және мәдениет пен достықтың символы іспеттес. Сондықтан да оның әндері халықпен бірге жасай берсін!- деген Қ.Меңдіғалиев Е.Хасанғалиевтың жары Дарико апамызға камзол кигізіп, иығына жаулық жапты. Сол секілді әділқазы алқасының төрағасы Б.Хасанғалиев, мүшелері А.Қоразбаев, М.Ташматов және С. Садықова,М. Сарбөпеев,Т.Жексенбаевты облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.
Байқаудың нәтижесі бойынша бас жүлдені алматылық М.Орынбаев қанжығасына байлап, 1 млн.теңгені иеленді.
1-орынға М.Самурай, 750 000 теңге, 2- орынға А.Ғалиұлы мен П.Отан 350 000 теңге, 3 – орынға Д.Саттарова мен А.Бисембаева, С.Тулановалар лайықты деп танылды. Қалған қатысушыларға Алғыс хат пен 100 000 теңге ақшалай сыйлық берілді. Концертте Б.Хасанғалиев, А.Қоразбаев, С.Садықова және байқаудың жеңімпаздары мен лауреаттары Е.Хасанғалиевтың ескі әндерін әуелете шырқап, көрермендер де бірге ән айтып, жиналғандардың көңілін серпілтті. »

«Жайық үні»

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
56 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
108 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
147 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
408 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
428 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»