8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Қаңтар 2019 4703 0
Өзек

ҚЫЗЫЛШАНЫ ЖҰҚТЫРҒАН БАЛАЛАР КӨП

Елімізде қызылша ауруы соңғы үш айда өршіп тұр. Республика бойынша бұл ауру түрі бүгінге дейін 968 рет тіркелген. Батыс Қазақстан облысында қызылшамен эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің  мәліметінше, соңғы 3 жылда өңірде  қызылша оқиғалары тіркелмеген.

Ағымдағы жылы Еуропалық аймақ елдерінде қызылшамен сырқаттану жағдайының асқынуы тіркелді. 2018 жылдың 1 қарашасына 70 мыңнан астам қызылша тіркелген. Оның ішінде Украинада – 38 мыңнан астам, Сербияда – 5 мыңға жуық, Францияда – 2771), Италияда – 2599, Ресейде – 2327, Грузияда – 1471), Қырғызстанда – 448 адам ауырған. Бұл ретте, қызылшадан 68 өлім жағдайы тіркелді. Еуропада қызылшамен сырқаттанудың өсуін ДДҰ қызылшаға қарсы вакцинацияның аз қамтылуымен байланыстырады.

Еуропа өңірінде, оның ішінде Қазақстан Республикасымен шекаралас елдерде қызылша ауруының тіркелуі Қазақстанға инфекцияның әкелінуіне және қоздырғыштың циркуляциясының өсуіне алып келді. 90-шы жылдары вакцинациялауды өткізіп алған, егілмеген адамдардың, оның ішінде болашақ аналардың, болуы – еліміздің халқы арасында қызылша сырқаттанушылығының өсуіне алып келді.

Қазақстанда 2018 жылғы қарашадан бастап 968 қызылшаның расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 776 (80,2%). Сырқаттану көбінесе егілмеген балалар арасында тіркеліп отыр (67%).

– Біздің облыста қызылшаны алдын алу жөнінде шаралар жүргізілуде. 2018 жылдың 10 қаңтарында облыстық денсаулық сақтау басқармасында жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша облыстық штабтың отырысы өтті. Медициналық ұйымдармен мектептердің медициналық қызметкерлерін қызылшаға қырағылығын күшейту мақсатында оқыту семинарлары өтуде,  –деп хабарлады  БҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қыметі.

Эльмира НҰҒМАНОВА

 

Қызылша – дене қызуының жоғарылауы, жөтел, мұрын бітуі, тамақтың ауыруы және бөртпемен сипатталатын вирустық табиғатты жіті жұқпалы ауру.

Қызылшаның симптомдары:

Алғашқы белгілері: жалпы әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, мұрын бітуі, тамақтың ауыруы, жарықтан қорқу, көздің қызаруы, жас ағу (конъюнктивит), жөтел;

Негізгі белгілері: бастан бастап, одан кейін дененің төменгі бөлігіне және аяққа дейін түсіп, таралатын, бүкіл денеге бөртпе шығу; ақ (ұнтақ жарманың жиналуы сияқты) және ауыз қуысындағы қызыл дақтар.

Қызылша пневмония (өкпенің қабынуы), бронхит, энцефалит (ми қабығының қабынуы) сияқты асқынулармен қауіпті, олар медициналық көмекке кеш жүгінгенде және ауыр қосымша аурулар болған жағдайда өлімге әкелуі мүмкін.

Қызылшаны емдеудің тиімді және ерекше әдісі жоқ.

Қызылшадан жалғыз тиімді қорғау вакцинация болып табылады. Қазақстанда қызылшаға қарсы егу екі рет жүргізіледі: біріншісі 1 жаста және екіншісі 6 жаста. Қызылшаға қарсы вакцинациялау үшін қызамық және паротитті компоненттермен біріктірілген (ҚҚП) қауіпсіз және тиімді вакцина қолданылады. Елімізде ҚҚП-ның жеткілікті көлемі бар.

Ұсыныстар:

– ата-аналарға өз баласының қызылшаға қарсы екпелердің болуын тексеру, вакцинация болмаған жағдайда – қызылшаға қарсы профилактикалық егуді алу;

– қызылшаға қарсы әр түрлі себептермен егілмеген балалардың ата-аналарына әртүрлі мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысуды, сауда-ойын-сауық орталықтарындағы ойын алаңдарына баруды шектеу;

– катаралды құбылыстармен (дене қызуының жоғарылауы, бас ауруы, әлсіздік) аурудың алғашқы белгілері және бөртпе пайда болған кезде дәрігерге қаралу, қызылша ауруына тексеруден өту және оның барлық нұсқауларын орындау.

Есіңізде болсын, ауруды емдеуден гөрі алдын алу әрқашан оңай!

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
44 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
261 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
754 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1131 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1063 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1491 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2107 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2274 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2280 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2329 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2335 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
1978 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2814 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2871 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2864 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3474 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3446 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3432 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3410 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3574 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3620 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»