8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Маусым 2025 983 0
Оқиға

Есірткі құралдарын заңсыз сақтаған

Есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы бағытталған «Қарасора» және «Дәрмек» жедел-алдын алу іс-шаралары аясында Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері маусым айының басында Орал қаласының 55 жастағы тұрғынының тұрғылықты мекенжайы бойынша санкцияланған тінту жұмыстарын жүргізді.
Сот қаулысының негізінде жүргізілген тінту барысында үй-жайдан өзіне тән ерекше иісі бар, мөлдір полиэтилен пакеттерге салынған қою жасыл түсті зат, сондай-ақ сырттай есірткілік қасиеті бар өсімдіктерге ұқсас үш түп өсімдік табылып, айғақты зат ретінде тәркіленді. Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, алынған зат кептірілген марихуана, ал өсімдіктер құрамында есірткілік әсері бар компоненттер кездесетін «қарасора» тектес өсімдік түріне жататыны анықталды. Тәркіленген есірткі затының жалпы салмағы елеулі мөлшерге жатады және бұл ҚР заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке негіз болады.
Аталған деректің ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Аталған баптың санкциясына сәйкес, бұл құқықбұзушылық үшін айыппұл салу, бостандығын шектеу немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Күдікті есірткі затын жеке тұтыну мақсатында сақтағанын айтып, кінәсін мойындады.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Тыйым салынған заттарды өсіру мен тарату арналары тексерілуде.

БҚО ПД баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
45 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
106 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
142 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
407 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
427 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»