Мемлекеттік қолдау шараларын алу жеңілдетілмек
Биыл 1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық өңірінде «Әлеуметтік әмиян» шеңберінде оқушылар тегін және жеңілдікпен тамақтандырылмақ.

Үкімет хабарламасында елімізде азаматтардың жекелеген санаттарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, мектептерде тегін және жеңілдікпен тамақтандыру 2023 жылдың соңынан бері пилоттық режимде іске асырылып жатқаны жазылған.
Сонымен қатар дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша 43 ұйым қосылып, 30 мың рецепт іске асырылған. Мектептерде тегін және жеңілдікпен тамақтандыруға 93 ұйымға 27 мың түскі ас таратылды. «Әлеуметтік әмиянды» әзірлеушілер аталған пилоттық жобаның сәтті тәжірибесін таратуға ниетті.
«Әлеуметтік әмиян» азаматтардың EGOV қосымшасында мемлекет тарапынан көрсетілетін барлық қолдау құралдары мен шараларын жинақтау арқылы азаматтарға мемлекеттік қолдау шараларын алуды жеңілдету үшін жасалған. Аталған жоба арқылы мемлекеттік көмек алу және оның жүргізілу тарихын қадағалау ыңғайлы. Ваучерлер жекелендірілген түрде жазылады, бұл кез келген заңсыз тіркеулердің мүмкіндігін шектейді. Жыл соңына дейін аталған өнім еліміздің барлық азаматтарына ыстық тамақ пен дәрі-дәрмек бойынша қолжетімді болады деп жоспарланып отыр», — деді BTS Digital ЖШС бас директоры Нұртай Әбілғалиев.
Жоба шеңберінде сонымен қатар бірнеше шара бойынша пилоттық жобаны іске қосу қосымша пысықталып жатыр. Оларға: ақшалай қаражатты монетизациялау; ерекше қажеті бар адамдарға техникалық оңалту құралдарын сатып алу; халықтың әлеуметтік осал топтарына ӘМАТ тізбесінен азық-түлік сатып алуда атаулы көмек көрсету; әлеуметтік осал санаттағы тұтынушылар үшін тауарлы газға ваучерлер мен ЖЖМ бағасының өсуін өтеу үшін ваучерлер ұсыну жатады.
Дереккөз: stan.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру