41 қаржы пирамидасы жойылған
Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Дмитрий Малаховты қабылдады.
— қылмыстық жолмен түскен кірістерді жылыстатуға қарсы күрес саласында 5,7 мыңнан астам тұтынушымен іскерлік қарым-қатынас тоқтатылған;
— криптовалюта айырбастайтын 1,5 мыңнан аса заңсыз онлайн-сервис анықталып, бұғатталған;
— 49 заңсыз майнер әшкереленген. Қазір оларға қатысты тексеру жұмысы жүргізіліп жатыр;
— террористік және экстремистік ұйымдардың шоттарына қаржы аударуға қатысты 1,2 мың әрекет анықталып, оларға шектеу қойылған.
— 41 қаржы пирамидасы жойылып, зардап шеккендерге 4,6 миллиард теңге қайтарылған;
— алаяқтық белгілері бар 8 мыңнан астам сайт пен аккаунт бұғатталып, 4,8 мың онлайн-казино сайтының қызметі тоқтатылған;
— екінші деңгейлі банктермен және қаржы реттеушілерімен бірлесіп, 21 жасқа толмаған азаматтардың букмекерлік кеңселерге төлем жасау мүмкіндігін автоматты түрде шектеу тетігі енгізіліп жатыр;
— 74 миллиард теңге көлемінде негізсіз бюджет шығындарының алдын алып, заңсыз қолма-қол ақшамен айналысатын 59 «көлеңкелі» алаң қызметі тоқтатылған, сондай-ақ 7 ұйымдасқан қылмыстық топ жойылған және сотқа дейінгі тергеу амалдарының аясында 141 миллиард теңге көлемінде келтірілген залал өтелген.
Сонымен қатар капиталды заңсыз шығаруға қарсы іс-қимыл саласында жалпы сомасы 276 миллиард теңгені құрайтын активтер қайтарылған.
Агенттік алдағы уақытта заңсыз шығарылған активтерді қайтару және адал кәсіпкерлердің ісіне араласпай, «көлеңкелі» экономикадағы қылмыстардың жолын кесу жұмыстарына баса мән береді.
Қаржылық мониторингті дамыту тұжырымдамасын және Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру, жылыстату жүйесін FATF (ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобы) халықаралық стандарттарына толық сәйкестендіру үшін шаралар қабылданады.
Қасым-Жомарт Тоқаев адал бизнесті қорғау шараларын күшейту қажет екенін ерекше атап өтіп, агенттік қызметінің негізгі бағыттары бойынша жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.
Дереккөз: stan.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру