8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Қаңтар 2024 2703 0
Көңіл айтамыз

Өңір басшысы көңіл айту жеделхатын жолдады

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Оралдағы көпбейінді қалалық ауруханаға барып, өрттен зардап шеккен азаматтардың жағдайын білді.


Әкім Денсаулық сақтау басқармасы
ның басшысына және аурухананың бас дәрігеріне жарақат алған азаматтарға тиісті медициналық көмек көрсетіп, жағдайды бақылауда ұстап отыруды тапсырды.

Өрттен зардап шеккен 5 адам Оралдағы көпбейінді қалалық ауруханада дәрігерлік бригаданың көмегін алуда. 2 ер адам және 2 әйел адам жансақтау бөлімінде. Ал бір ер адам травматологиялық бөлімде.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнгі сағат 02.07-де 101 пультіне Оралдағы Сырым Датов көшесі, 52 мекенжайындағы «Rizyq» дәмханасында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.  Апат салдарынан 2 адам қаза тапқан болатын. Ал, түстен кейін тағы бір адамның денесі үйінділер астынан табылғаны туралы ақпарат түсті.

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев өрт салдарынан қаза тапқан азаматтардың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады.  

«Орны толмас қайғыларыңызды терең күйзеліспен қабылдадым. Көз жұмған азаматтардың жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!»,– делінген жеделхатта.  

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
147 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
132 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
359 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»